20 Қаңтар, 2017

Басқарма мүшелерімен кездесті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның Шетел инвес­торлары кеңесі» қауымдастығы (ҚШИКҚ) басқармасының төрағасы, «Дойче Банк» АҚ-тың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы У.Вокурка бастаған «Қазақстанның Шетел инвесторлары кеңесі» қауымдастығы Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төр­ағалығымен өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің алда­ғы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарас­тыр­ды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.