20 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №5

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылғы 18 қаңтар,   Астана, Үкімет Үйі 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
  1. Демалыс күндері:
2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге; 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын.
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ