Қазақстанда әрекетсіз үкіметтік емес ұйымдарды жабу бойынша ірі жұмыс бастау алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ҮЕҰ жүйесіндегі кемшіліктердің бірі – тіркелген ұйымдардың шамамен жартысының іс жүзінде әрекетсіз екенінде. Бұл есепке алуда жаңылысуға, күмәнді ақпараттың шығуына және азаматтар мен ҮЕҰ-дың дұрыс бағыттан адасуына әкеліп соғады.
«Сол себепті, біздің алдымызда осы жүйені ретке келтіру міндеті тұр. Ол үшін ҮЕҰ-ды құруға атсалысқан азаматтар оларды жабу туралы шешім қабылдауы керек немесе жұмыс істеп бастауы қажет. Қазір біз азаматтар мен ҮЕҰ-ға түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізудеміз, дегенмен, өзінің әрі қарайғы қызметінен мән-мағына көрмейтін ҮЕҰ үшін біз қаржы және әділет министрліктерімен олардың қандай да бір жауапкершіліксіз жабылуы үшін жұмыстар атқарудамыз», - деді Н. Ермекбаев.
Сондай-ақ, министр ҮЕҰ-дың деректер базасы да үлкен өзгерістерге ұшырайтыны туралы айтып өтті.
«Біз қазір оны электронды форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді талап ететін көлемді жұмыс», - деді Н. Ермекбаев.

Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді
Қоғам • Бүгін, 17:38
«Қыз өссе, елдің көркі»: Елордадағы ғимараттардың біріне жаңа мурал салынды
Елорда • Бүгін, 16:42
«Digital Qazaqstan»: Шымкентте Қазақстан математиктерінің конгресі өтті
Технология • Бүгін, 16:18
«Louis Vuitton» және «Nesquik»: Алматыда танымал брендтер заңсыз пайдаланылған
Оқиға • Бүгін, 15:54
Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталды
Елорда • Бүгін, 14:40
Академик Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай жиын өтті
Қоғам • Бүгін, 13:30
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жоспарын бекітті
Үкімет • Бүгін, 12:50
Қытайлық блогер Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Марапат • Бүгін, 12:32
Елімізде созылмалы асқазан-ішек аурулары көбейіп барады
Медицина • Бүгін, 11:49
Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді
Қазақстан • Бүгін, 11:21
Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 10:22
Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:27