26 Қаңтар, 2017

2017 жылдың ең қымбат 10 автокөлігі

470 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Науtin компаниясы мен Red Bull Racing компаниясы бірлесіп өндірген Aston Науtin MA-RB 00 көлігі 2017 жылғы ең қымбат көлік ретінде бағалануда, деп жазады eduinfo.kz. 10. Apollo Arrow Германиялық жеке кәсіпкер Apollo Arrow жасап шығарған спорттық үлгідегі автокөлік. Бағасы 1 милион 100 мың АҚШ доллары. Бұл көлік 2016 жылы Женева Автокөрмесінде таныстырылған. Көлемі 4,2 л болатын қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. 1000 ат күшіне есептелген, сағаттық жылдамдығы 100 километрге жету үшін 2,9 секунд жеткілікті. Тек 100 данасын ғана шығару көзделген. 9. Evantra Millecavalli Италиялық танымал спорттық көлік шығарушы Mazzanti жасап шығарған бұл көліктің бағасы 1 милион 200 мың АҚШ доллары. Тек 25 данасы ғана бар. Көлемі 7 л болатын қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. Сағаттық жылдамдығы 100 километрге көтерілу үшін бар болғаны 2,7 секунд кетеді. 1000 ат күшіне есептелген бұл көліктің ең жоғары жылдамдығы 400 километр/сағат. 8. Ferari LaFerrari Aptera Жер бетінде 200 данасы ғана бар бұл көліктің бағасы 1 милион 400 мың АҚШ доллары. 6,3 литрлік бензин маторымен қоса, 120 KW -тық электроқозғалтқышы да бар. 950 ат күшіне ие бұл темір тұлпар жылдамдығын 100 километр/сағатқа жеткізу үшін 3 секунд жұмсайды. Ең жоғары жылдамдығы 350 километр/сағат. 7. Arash AF10 Hybrid Аты айтып тұрғандай аралас энергиялы маторлармен жабдықталған. 6,2 литрлік V8 бензин маторымен қоса, 4 электроқозғалтқыштан тұратын маторларының жалпы қуаты 2080 ат күшіне тең. газды басып 2,8 секундта жылдамдығыңыз 100 ге жетеді. Айтпақшы сатып алу үшін қалтаңызда 1 милион 500 мың АҚШ доллары болуы керек. 6. Zenvo ST1 Дания елінің бұл спорт көлігінің бағасы 1 милион 800 мың АҚШ доллары. Автокөлікке 5,9 литр көлеміндегі V8 маторымен қоса, қос механикалы қысым күшейткіш матор орнатылыпты. 15 данасы ғана құрастырылған көліктің қуаты 1100 ат күші, ең жоғары жылдамдығы 360 километр/сағат. 5. Koenigsegg Regrra Бағасы 1 милион 900 мың АҚШ доллары, 5,0 литрлік бензин маторымен қоса, 3 электроқозғалтқыш орнатылған болып қуаты 1882 ат күшіне жеткізілген. Жер бетінде тек 80 данасы ғана жүгіреді деп күтілуде. 4. Bugatti Chiron Бағасы 2 милион 700 мың доллар тұратын екі адамдық спорт көлігіне, ең жаңа Bugatti 8,0 литрлі W16 маторы орнатылған. Қуаты 1500 ат күшіне тең болатын бұл көлік, жылдамдығын 100 километр/сағатқа көтеру үшін 2,5 секундты қажет етеді. 3. Panagi Huayra BC Бағасы 2 милион 800 мың АҚШ доллары. 6,0 литрлік қос турбиналы AMG матор орнатылған. Қуаты 750 ат күші деп есептелген бұл көліктен тек 20 данасы құрастырылыпты. 2. Lykan Hypersport Бағасы 3 милион 400 мың АҚШ доллары тұратын бұл көлікті DUBAI W деп аталатын компания құрастырған болып, араб елдерінен шыққан тұңғыш спорттық автокөлік болып есептеледі. Қуаты 780 ат күшіне тең бұл көлітен тек 7 дана ғана құрастырылыпты. Жылдамдығы жоғары болып қалмастан сыртқы көрінісі де көзтартарлық ерекше. Көліктің алдыңғы жағы мен шырақтарын әшекейлеуге 220 дана алмас түйіршіктері істетіліпті. 1. Aston Науtin MA-RB 00