Алматы облысында боранды күні жолға шығып, қалың қардың құрсауында қалған 121 адам эвакуацияланды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Алтын Емел» асуында қарға батып қалған екі жолаушылар автобусы мен 7 жеңіл көлікті аман алып шықты. Оқиға болған жерге арнайы құтқару жасағы дереу жетіп, қар құрсауында қалғандарға көмек бермегенде істің насырға шабуы әбден мүмкін еді. Себебі, күндіз күн жылы болғанымен, түн мезгілінде термометр бағаны -20 градусқа дейінгі суықтықты көрсетіп тұр.
«Сарыөзек-Көктал» тасжолының бойында төтенше жағдайға тап болған жолаушыларды құтқару бірнеше сағатқа созылды. «Бұл оқиғадан адамдардың денсаулығына ешқандай да нұқсан келген жоқ. Жолда қалған жолаушылардың барлығы дін аман», – дейді төтеншеліктер.
• 26 Қаңтар, 2017
Алматы облысында 100-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 10:20
Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
28 наурыздағы Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарында валюта бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Форум • Бүгін, 09:15
Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10
Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды
Форум • Бүгін, 09:05
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Өндіріс • Бүгін, 09:00
Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі
Құқық • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:50
Экономика • Бүгін, 08:45
Руханият • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:35