Оңтүстік Қазақстан облысының 5 спортшысы Алматы қаласында өтетін XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға сақадай сай. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталған жарысқа облыстан фристайл спорт түрі бойынша бес спортшы қатысады. Олар, Алдабергенова Жанбота мен Арапбаева Жібек, Қалмұрзаева Ақмаржан, Іңкәрбек Бағлан, Мұхамеджанов Дархан. Бүгінде олар спорттық додада нәтижелі өнер көрсету үшін жоғарғы деңгейде тиісті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
«Бізге бірегей мүмкіндіктің куәгері болу ғана емес, ең ауқымды халықаралық спорт оқиғаларының бірі – Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының белсенді қатысушылары болу бақыты берілді. Алау эстафетасы – бұл Универсиаданың жаршысы және оны алға жылжытудың негізгі құралы, ірі спорттық форумдардың ажырамас атрибуты», – деді Ұ.Сәдібеков.
Оңтүстік Қазақстан облысында алау эстафетасын ұйымдастыру бойынша арнайы өңірлік штаб құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Алаугерлер құрамы негізінен облыстағы 12 жоғары оқу орынының студенттері, магистранттары мен оқу үздіктерінен жасақталған. Сондай-ақ, алаугерлер қатарында Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиаданың серіктестері «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының, «Технодом» сауда үйінің, ВИРАЖ автосалонының өкілдері қатысатын болады.
• 26 Қаңтар, 2017
Оңтүстік Қазақстанның 5 спортшысы Универсиадаға дайын

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Оқиға • Бүгін, 17:22
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Тарих • Бүгін, 17:13
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Ғылым • Бүгін, 17:11
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 17:05
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:52
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Оқиға • Бүгін, 16:43