Алаш боксына абырой мен құт әкелген 69 кило дәрежесіндегі салмақты қазір әлем қазақтікі деп біледі. Дәл осы салмақта төрт бірдей боксшымыз Олимпиада чемпионы атанды.
Еске салар болсақ, 2004 жылы Афиныда өткен дүбірлі додада Бақтияр Артаев чемпион болып қана қоймай, турнирдің ең үздік боксшына берілетін Вэл Баркер кубогының иегері атанды. Бұл толайым табыстан соң төрт жыл өткенде қазақтың тағы бір талантты боксшысы Бақыт Сәрсекбаев Бейжің-2008 Олимпиадасында топ жарды. 2012 жылы Лондонда өткен олимпия ойындарында Серік Сәпиев жеңістің ең биік тұғырына көтерілді және ол әйгілі Вэл Баркер кубогына лайықты боксшы ретінде танылды. Ал былтырғы Рио Олимпиадасында Данияр Елеусіновтің бағы жанды.
Міне, қатарынан төрт Олмпиадада 69 кило салмақта оғландарымыз олжа салғаннан кейін әлемдегі бокссүйер қауым арасында жоғарыда айтқанымыздай «Қазақ салмағы» деген түсінік біржола қалыптасты.
Жақында Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысқаны туралы ресми жаңалық жарыққа шықты. Боксшымыздың бұл қадамын қуана құптағандар да, мұндай әрекеттің келешегіне күмәнмен қарағандар да болды. Мәселен, қыздар арасындағы бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Өмірзақов былай дейді: «Бұл қателік, неге десеңіз, Елеусінов қай жағынан алып қарасаңыз да кәсіпқой бокстың талабына сай келмейтін былғары қолғап шебері. Оның жұдырықтасу мәнері мүлде басқаша, мен тіпті оны кәсіпқой рингте көз алдыма елестете де алмаймын. Оған әуесқой бокста қалу керек еді...».
Ал енді, даңқты Даниярымыздың орнына, яғни ел құрамасындағы «алтын» салмақтың тұғырына кім лайықты? Бұл туралы әңгіме қозғағанда, алдымен ауызға ілігетіні Абылайхан Жүсіповтің есімі. Қазіргі кезде жасы жиырмаға енді іліккен өреннің жасөспірімдер және жастар арасындағы дүбірлі деген додалардан алмаған жүлдесі жоқтың қасы: жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (2013), Азия және әлем чемпионы (2013), жастар арасында Қазақстан чемпионы, Азия және әлем чемпионы (2014), жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жеңімпазы (2014).
Бір сүйінетіні, Абылайхан ересектер тобына тосырқамай қосылды. Сақа жігіттер арасындағы өзінің ең алғашқы сынының бірі – Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғапов турнирінде 63 кило салмақта еліміздің сол кездегі ең мықты деген үш боксшысын бет қаратпай ұтып, олимпиялық лицензия беретін жарысқа жолдама алған болатын. Әрине, Олимпиададағы сәтсіз өнері өз алдына бөлек әңгіме. Дегенмен, тауы шағылмаған талантты боксшы былтыр Павлодарда өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа – 69 кило салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсті.
Біз жоғарыда атап өткен өткір тілді бапкер Жұмабек Өмірзақов боксшы Жүсіпов туралы мынадай пікір айтады: «Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының 69 кило салмақтағы жаңа көшбасшысы бола алады. Жастығына қарамастан, адам сенбестей талантты. Егер онымен сауатты жұмыс істесе, ол құрама командада Елеусіновті 100-120 пайызға алмастыра алады».
Жалпы, бокстың маңайындағы мамандардың басым көпшілігі Жүсіповтің жаңа салмаққа ауысқанын қуана құптады. Мұның өзі «алтын» салмақтың жауапкершілігін жақсы сезінетін шебердің сеніміне мықты тірек. Дегенмен, қазақ үшін құтты болған бұл салмақта өзінің теңдессіз екенін дәлелдеу үшін Абылайға шелектеп тер төгуге тура келеді. Неге десеңіз, Абылайдың артынан шыққан дүбірдің дауысы құлақ тұндырады. Мысалы, Қанағат Маралов, Алмасбек Әлібеков сынды сайыпқыран боксшылардың да бір бармағы ішінде бүгулі екенін ұмытпағанымыз жөн. Кейбір спорт журналистері жастар арасындағы былтырғы әлем чемпионы, ересектер тобында ең құрығанда бір де бір жекпе-жекке түсіп көрмеген Садриддин Ахмедовті де Жүсіповке лайықты қарсылас көреді екен. Кім білген?..
Биыл халықаралық ірі турнирлерден бөлек, әлем және Азия чемпионаттары өтеді. Осы айтулы бәсекелер де біраз жайтты және кімнің қандайлық қауқары барын анықтауы тиіс.
Токио-2020 додасына сапар бүгіннен бастау алады. Былайша айтқанда, «Қазақтың салмағы» Алаштың қай оғыланына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Құдай берген дарыны өз алдына, оған қоса спортшыларға өз-өзін қамшылай алатын қажыр-қайрат пен орасан еңбек керек. Жарып шыққан жеңімпаздың даралығына ешкім күмән келтіре алмастай болуы шарт. Сонда ол нағыз – Дарабоз!
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Оқиға • Бүгін, 17:22
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Тарих • Бүгін, 17:13
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Ғылым • Бүгін, 17:11
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 17:05
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:52
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Оқиға • Бүгін, 16:43