27 Қаңтар, 2017

Уақытша ұстау оқшаулағышы

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
шалғайдағы ауданда өз жұмысына қайта кірісті Мамандандырылған аудан­аралық экономикалық соттың шешімімен Ғ.Мүсірепов атын­дағы ауданның орталығында орналасқан уақытша ұстау оқшаулағышы халықаралық талаптарға сай келмегендіктен жабылған болатын. Оның қыз­меткерлері ұсталған азаматтарды біржарым жыл бойы басқа аудандарға жеткізіп, бірқатар қиындықтар туындаған. Енді бұл мәселе түпкілікті шешімін тапты. Уақытша ұстау оқшау­лағыштары былтыр Тимирязев, Тайынша аудандарында ашылса, енді он екінші мекеме Новоишим кентінде жа­ңар­тылып, пайдалануға бе­рілді. Ғимаратта 12 кереуетке шақталған үш камера, медицина кабинеті, тергеу бөлмесі, санитарлық өткізу бекеті, серуендеу ауласы жұмыс істейді. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Айдос Едіресовтің айтуынша, жергілікті биліктің қолдауымен мекеме қысқа мер­зімде қалпына келтіріліп, бар­лық нормативтік актілерге сәйкес­тендірілген. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы