27 Қаңтар, 2017

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет бас­шы­сы­ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында тиісті мин­истр­ліктер мен ведомстволарды қайта ұйымдастыру жөнін­дегі ұйым­дас­тырушылық мәсе­лелер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр өкі­летті мем­лекеттік органдарға апта­лық мерз­імде Мемлекет бас­шы­сының Жар­лығынан туындаған барлық қажет­ті рәсімдерді аяқ­тауды тап­сыр­ды, деп хабарлады Премьер-Мин­истр­дің баспасөз қызметі.