02 Сәуір, 2011

«Тәуелсіздік – тірегім»

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ Аты айтып тұрғандай, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сөз сайысына Астана, Алматы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстаннан келген белгілі ақындар еліміздегі береке-бірлік, өркенді істер, толағай табыстарды көркем тілмен кестеледі. Небір жағымды жаңалықтар мен игі істерге құлағы түрік жүретін ақындар қазыналы түбектегі оң өзгеріс, өрелі істерді жырға қосып, тыңдармандарды желпіндіріп отырды. Осы игі шараның басы-қасында жүрген ел ағасы, ақын Шабаз Иманалыұлының айтуы бойынша, оған Бекарыс, Мұхтар, Шынарбекпен қатар әйгілі айтыс ақыны Бұлғақовтың баласы астаналық Жандарбек пен маңғыстаулық Фархад Мусаевтың айтысындағы тақырып кеңдігі, табан астында тапқырлық сияқты қасиеттер қатты ұнапты. Айтыс қорытындысында бірінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов, екінші орынды түркістандық Бекарыс Шойбеков, үшінші орынды астаналық Жандарбек Бұлғақов, атыраулық Шынарбек Қабиев, маңғыстаулық Фархад Мусаев иеленді. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау қаласы.