Қазақстан • Бүгін, 15:19

Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасы Ерлан Акбаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған

Фото: ОКҚ

«Аудандарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік картаға түсіру нәтижесінде асыл, түсті, қара металдар бойынша болжамды ресурстары бар 60 перспективалы учаске анықталды. Бұл учаскелерді барлауға арналған лицензия шеңберінде одан әрі зерделеу үшін жер қойнауын пайдалануға беру жоспарланып жатыр», деді спикер.

Айтуынша, осы объектілер жер қойнауын пайдалану нәтижесінде ел экономикасының дамуына үлесін қосады. Сонымен қатар сирек жер металдары саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.