Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен демалыста жергілікті атқарушы және жергілікті өкілетті органдардың, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының интернет-ресурстарын бұзып кіру оқиғасын тіркеді.
Орын алған барлық оқиғалар бойынша ресурстардың иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.
Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаңартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, оқиғаны уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардың иелері тарапынан бақылаудың жоқтығынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдар барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.