31 Қаңтар, 2017

АҚШ дипломаттары Трамп саясатына қарсы наразалық хатын дайындап жатыр

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ мемлекеттік департаментінің бір топ қызметкерлері президент Дональд Трамптың көші-қон саясатына келіспейтіндіктерін білдіріп ашық хат жазуда, деп хабарлайды BBC.

Петицияда Трамптың жаңа саясаты елді террорлық әрекеттерден қорғай алмайтыны, керісінше, америкалықтарға белгілі бір топ адамдарды қарсы қоятыны айтылған.

Дипломаттардың айтуынша, Трамптың қабылдаған жеті мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа кіруге уақытша салынған тыйым аз ғана қылмыскердің елге кіруінің алдын алғанымен қатар, мыңдаған азаматтың құқығын бұзу. Трамп бұл қаулыны 27 қаңтарда қабылдаған. Құжатқа сай, сириялықтардың АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салынған. Ал өзге алты мұсылман елдерінің азаматтары 90 күнге дейін құрама штаттарға кіре алмақ емес.