31 Қаңтар, 2017

Теңгенің бағамы тағы төмендеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 324,79 теңгені құрады. Теңге курсының бұлай төмендеуіне АҚШ экономикасындағы ахуал әсер етуде. Нақтырақ айтар болсақ, Трамптың көші-қон саясаты бойынша елге бірнеше мұсылман елдерінің азаматтарын кіргізбеу туралы қаулысынан кейін АҚШ нарығында компания акциялары құлдырап, доллардың әлсіреуіне алып соққан. Естеріңізге сала кетейік, 29 қаңтар күні теңгенің долларға шаққандағы бағамы 325-ке теңескен еді. Бұл соңғы бір жылдағы ең төменгі көрсеткіш ретінде тіркелген. Ал Лондон қор биржасында бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:30-да Брент маркалы мұнай құны 55,20 долларға теңесті.