31 Қаңтар, 2017

Ақмола облысында сауда үйі ашылды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысының Атбасар қаласында жаңа сауда үйі ашылды, деп хабарланды Өңірлік коммуникация қызметінде. Жаңа сауда үйін қайта құру мен ашуға 20 млн теңге жұмсалды. Осылайша, қарызға алынған қаражатқа ескі ғимарат қайта құрылып, жаңа жабдық сатып алынды. Енді атбасарлықтар мен қала қонақтары үшін жаңа сауда үйі қызмет көрсететін болады. «Қала кәсіпкерлері үшін 20 сауда алаңы жалға берілді. Мұнда енді азық-түлік пен шаруашылық тауарларын сатып алуға болады», - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, бүйір жақ қабатында асхана және балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашу жоспарланып отыр.