31 Қаңтар, 2017

Дамир Рыспаев: Жаза мерзімім қысқарады деп үміттенемін

444 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
23 Өткен жылы тафгайлығымен аты шығып, тамыз айынан бері дисквалификацияға ұшыраған «Барыс» хоккейшісі Дамир Рыспаев Russia-Hockey.ru сайтына сұхбат берді. «Жазамды өтеп жүрмін. Бір қиындығы тек Құрлықтық хоккей лигасына ғана емес Жоғарғы хоккей лигасына да қатыса алмаймын. Сол себепті, мәселен, «Сарыарқа» мен Өскеменнің «Торпедо» командаларында ойнай алмаймын. Қазір Қазақстан чемпионатында «Номад» намысын қорғап жүрмін. Осындай қиын кезеңде бапкерлерім мен әріптестерім барынша қолдау көрсетіп жатыр», – деді 21 жастағы хоккейші. Жас спортшы осының салдарынан қыркүйек айында Қазақстан құрамасының олимпиадалық іріктеу турниріне де қатыса алмаған. 22 «ҚХЛ ауқымды әрі беделді лигалардың бірі. Қазақстан құрамасымен жаттықсам да, құрама тізіміне іліге алмадым», – дейді «Номад» ойыншысы. «Номадта» тек қорғаныста өнер көрсетемін. Осыған дейін 25 матчқа қатысып, бір голдың және екі нәтижелі пастың авторы атандым. Барынша абай болып, тәртіпке сай ойнауға тырысып жүрмін. Осы уақыт аралығында тек 37 минут айып уақыт алдым», – дейді ол. Салыстырмалы түрде қарар болсақ, «Барыс» сапында 23 матч өткізіп, барлығы 194 минутқа айдыннан қуылған екен. 21 «БАҚ беттеріндегі мәліметтерінде «Барыс» ҚХЛ-ға дисквалификациямды қайта қарау жөнінде өтініш жіберген көрінеді. Ақпан айында Мәскеуде осы мәселе қайта қаралуы мүмкін. Жақсы жаңалықтан үміттеніп жүрмін. «Куньлунь Ред Стармен» кездескенімізге де жарты жыл болды. Осыған дейін істің анық-қанығын анықтап, нақты шешім шығаратын уақыт келген сияқты. Барыс» сапында тезірек айдынға шықсам екен деймін. ҚХЛ басшыларының кәсібилігіне сенім артамын», – деді Дамир. «Ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар ылғи да жолыма бөгет болып келді. Бірақ қанша жерден атышулы хоккейшілердің бірі болсам да, қарсыластарымның бір де біреуін жарақаттамаппын. Дегенмен, хоккей ең қауіпті спорттың бірі саналатыны о бастан белгілі. Мәселен, бірнеше күн бұрын «Торпедо» – СКА арасындағы матчта айдын иелерінің шабуылшысы алдымен, қақпашы Коскиненді аяғынан шалып құлатса, артынша Прохоркинді қаңбақша ұшырып түсірді. Осының салдарынан екеуі де ұзақ мерзімді жарақат алуы мүмкін еді», – деді Рыспаев.