31 Қаңтар, 2017

Қасқыр жойылып барады

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамы қасқыр атуға бақылау қоюды ұсынып отыр. Сарапшылар пікірінше, аймақта бұл аңның жойлып кету қаупі бар, - деп жазады kaztengrinews.kz. Ресми статистика бойынша, облыста 450 қасқыр ғана қалған. Биыл бұл жыртқыштар өте тыныш. Облыстың Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мәліметі бойынша, былтыр 20 қасқыр атып алынған. Дегенмен бұл ресми мәлімет, ал бұл жыртқышты аулауға ерекше рұқсаттың жоқтығынан аңды кез келген адам атып алып жүр. "Қасқыр ауланатын аңдар қатарына кірмейді, ол реттелуге жататын аң. Аңшылық кезінде адамға қасқыр жолығып қалса, жыртқышты аулап алуға рұқсат етілген", - деп атап өтті аймақтың инспекция маманы Дәуіт Тәжібаев. Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Анатолий Коваленко қасқыр жойылып кетпес үшін, оны аңшылыққа жататын аңдар қатарына кіргізу керектігін айтады. "Қасқыр Қостанай облысының тарихындағы қайғылы естелік қана болып қалуы мүмкін, өйткені қармен жүретін техника пайда болғалы қасқыр азайып кетті. Ешбір аң ол техникадан қашып құтыла алмайды. Өте азайып кетті", - дейді Коваленко. Әзірге бұл ұсыныс бойынша шенеуніктерден оңды жауап келмеген көрінеді.
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025