Отандық киносүйер қауым Әділді жақсы таниды. «Қара шаңырақтағы» спортшы жігіт Дәулеттің, «Астана – махаббатым меніңде» түрік қызына ғашық болған сәулетші Ерланның бейнесі, сондай-ақ, өткен жылы түсіріліп, зор табысқа жеткен «Анаға апарар жолда» Ілияс бейнелері Әділдің актер ретінде кеңінен танылуына жол ашты. Бүгінде Әділ Ахметов Астанадағы Жастар театрының белді әртісі.
Әділ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың шәкірті. Астананың қақ төрінен Жастар театрын ашуға зор еңбек сіңірген ұстазын қатты құрметтейді. Ол үшін өнеріне өзге жұртшылықтың берген бағасы бір төбе де, ұстазының берген бағасы бір төбе. Театр мен киноны бір-бірінен бөле-жара қарастырмайды. Бірақ, кинодағы Әділ басқа да, театрдағы Әділ мүлде өзге жан.
– Мен кинода көбіне сабырлы, байсалды, ақылды, адал, сол үшін де көпшілікке жағымды бейнелерді ойнаймын. Ал театрдағы бейнелерім көбіне тәкаппар, мінезді, өз мақсаты үшін ештеңеден тайсалмайтын жандар болып келеді, – дейді ол.
Көп еңбектеніп, көп ізденетін, өз рөлдерін шығару жолында кітап оқып қана қоймай, тиісті саланың мамандарымен де ерінбей-жалықпай әңгімелесіп, барынша шынайы рөл сомдайтын Әділ Ахметов өнермен тыныстап, өнерге қызмет ететін актер.
Осындайда Толстойдың «бір пайыз талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбек» дегені еске түседі. Шынында да мына өмірде талантты адамдар көп қой. Бірақ солардың бәрі бірдей танымал ма? Таланттыға да, талантсызға да тән жалқаулық деген жексұрын қасиет бар. Оны көбі жеңе алмайды. Жеңген күнде де «бармақтай бағы» болмаса тағы бекер. Бұл тұрғыдан Әділ әрі тынымсыз ізденістің адамы, әрі бармақтай бағы бар жігіт. Қараңыз, актер театр сахнасында «Диляфруздың төрт күйеуінде» Смағұлдың, «Ревизорда» дуанбасы Антон Антоновичтің, «Шыңғысхан» спектаклінде Шыңғысханның, «Асауға тұсауда» Петручионың, «Меккеге қарай ұзақ жолда» Адам Императордың, «Жан азабында» Әміршінің рөлдерін сомдайды. Кинодағы жоғарыда айтқанымыздан бөлек рөлдері – «Қалжадағы» Дастан, «Жау жүрек – мың баладағы» Райымбек, «Лаведегі» Әділ, «Алдар көседегі» Қасым хан, «Цена свободы» картинасындағы Асхат, «Парыздағы» Асан. Бұл тізімді шұбыртып не үшін жазып отырмыз? 33 жастағы актер осы уақытқа дейін осыншама рөлге енді, дайындықта, сахнада, түсіру алаңында бұл адамдардың өмірін сүрді. Бұл бейнелердің сезім-күйлерін бастан кешті. Жастық жалынмен, өмірге құштарлықпен, өнерге ғашықтықпен сомдалған осы бейнелер Әділдің танымалдылығына, кино әлеміндегі өзіндік өрнегіне жол ашпады деп кім айта алады?
Әділдің бала жастан өнерге ғашықтығын көрсететін мынадай бір қызықты сюжет бар. 6 сыныпта оқитын бала өз үйінің қорасындағы жылқы, сиырларды, үйректер мен тауықтарды камераға түсіріп жүр. Олардың камерадағы бейнелеріне қарап тамсанады, өзінің «өнеріне» сүйсінеді. Ата-әжесіне мақтанып көрсетіп қояды.
Астанадағы Жастар театры «Абылай хан» спектаклін қоюға дайындық үстінде. Ақпанның соңына қарай сахнаға шығатын сол спектакльде кейіпкеріміз Абылай ханды сомдамақ. Ал киноға түсу туралы да ұсыныс баршылық. Тек ол ұсыныстарға бейнелерді ой елегінен өткізіп, жақсылап сараптап болған соң ғана жауап берілмек.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10