Мұхиттың арғы жағындағы алып держава тұрғындарының Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін, тарихи, рухани құндылықтарын білуге құштарлығы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада америкалық ақпараттық-мәдени бөлімнің ашылуы кезінде тағы бір байқалды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келген Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы Рэн Эльхайдың сөз ауанынан да аңғардық. Бізді бұл мырзаның қазақ тілін үйренуге, қобыз тартуға ден қойған ынта-жігері сүйсіндірді.
АҚШ елшілігі солтүстікқазақстандық жастарды шетел мәдениетімен таныстыру, ағылшынша алған білімдерін одан әрі тереңдету дәстүрін жүйелі жалғастырып келеді. Осыдан он жыл бұрын шетелдік кітаптар мен оқулықтар орталығы бой көтерген болатын. Алайда, қаржы тапшылығынан уақытша жабылған еді. Жаңғырту жұмыстары шығындарын елшілік өз міндетіне алып, 14 мың доллар инвестиция жұмсады. Бұл қаражатқа кітапхананың бірінші қабатында орналасқан ғимарат қалпына келтіріліп, кірсе шыққысыз етіп безендірілді. Жаңа жиһаздар мен компьютерлер қойылды. Қазір мұнда он мыңға жуық кітап бар. Оның екі мыңдайы – ағылшын тілінде.
– Осындай мәдени қарым-қатынастар арқылы өзге халықтың тілін үйренуге, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы мол мағлұматтар алуға болады. Тіл үйірмелері мен пікірталас клубтары жұмыс істейді. Алдағы уақытта Америкадан оқытушылар арнайы келіп, ағылшын тілін үйретеді. Оқу тегін. Онлайн сабақ өткізу арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіруге де болады. Бізді қазақстандық жастардың білсем, көрсем, үйренсем деген құштарлығы қатты қызықтырады, – дейді Эльхай мырза.
«БЭСТ» гимназиясының оқушысы Влада Финогееваны осында жолықтырдық. Тұрақты оқырман көрінеді. «Flex» бағдарламасы аясында Айова штатында білімін шыңдап келіпті. – Америкалықтардың өмірге көзқарастары мен ұстанымдарында үлгі аларлық тағылымдар аз емес. Екі жақты сенімді байланысқа не жетсін! Арманым–шетелде білім алу, – дейді ол.
Америкалық мамандар аталмыш кітапхана қабырғасында жастардың тілдік білімін тексеруге арналған алғашқы сайысты ақпан айында ұйымдастырғалы отыр. Бұрындары бұл орталыққа айына жарты мыңдай оқырман келсе, енді олардың санының арта түсеріне еш күмән жоқ.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 15:12
Төтенше жағдайға дайындық: Жертөлелер мен паркингтер паналау орындарына айналады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Павлодарда экологиялық талаптарды бұзған 8 әкім жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады
Банк • Бүгін, 14:17
«Наурыз» бағдарламасы бойынша 16 мың салымшы іріктеуден өтті
Қоғам • Бүгін, 13:55
Қарағанды облысының полициясы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 13:36
Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?
Қоғам • Бүгін, 13:13
LRT желісінде 15 пойыз қатынайды
Елорда • Бүгін, 12:53
Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды
Әлем • Бүгін, 12:45
«7-20-25» ипотекасы: Алаяқтар кезекті жеделдетіп беремін деген желеумен халықты алдауға көшті
Бағдарламалар • Бүгін, 12:30
Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды
Энергетика • Бүгін, 12:15
«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ
Энергетика • Бүгін, 12:04
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:55
Семейде қуаты 360 МВт болатын ЖЭО-3 салынады
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:31