14 Ақпан, 2017

Әлемдік үкімет саммитіне қатысуда

386 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Біріккен Араб Әмірліктерінде 12 ақпанда басталып, бүгін аяқталатын Әлемдік үкімет саммитіне қатысуда. Саммит бүкіл әлемде болашақ үкіметті қалыптастыруға арналған жаһандық тұғырнама болып табылады. 130 үкімет және халық­аралық ұйым өкілдері Дубайда мем­ле­кеттік мекемелердің жұмысын тал­­қылауда. Саммит жыл са­йын адамзат алдында тұрған сан алуан проблемаларды ше­шу үшін инновациялар мен тех­нология­ларды қалай пай­дала­ну керек екеніне баса назар ау­дара отырып, үкіметтің келесі ұрпа­ғына өзекті міндеттер қоюда. The World Government Summit-тің өткізілуі шеңберінде Дәурен Абаев Dubai Media City қызметімен танысты. Dubai Media City 2000 жылы негізі қаланған. Медиаорталық Dubai Holding құрамына кі­реді және медиаиндустриямен, интернет-қолдаумен, жаңа­лық­тарды сүйемелдеумен, фильм­дер мен роликтерді шыға­румен айналысады. Сон­дай-ақ, медиаорталық баспа өнім­дерімен және баспамен айна­лы­сады, түсірілім топтары үшін көптеген павильондары да бар. Медиаорталық әлемнің 24 мем­лекетіндегі 1300-ден астам медиа компаниялардың қызметін үйлестіруші кластер болып табылады. Ақпарат және коммуника­ция­лар министрі БАҚ және теле- киноиндустрия саласындағы осындай тәжірибе Қазақстанда да медиа компаниялардың өзара іс-қимыл жасауы бөлігінде пайдалы болуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, министр «WAM» ақпараттық агенттігінің атқарушы директоры Мохамед Жәлел әл-Раисимен кездесті. Бұл кездесу барысында «Қаз­­­ақпарат» халықаралық ақпа­раттық агенттігінің бас дирек­­торы Әсел Төлегенова мен «WAM» ақпараттық агенттігінің атқа­­рушы директоры әл-Раиси ын­тымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қойды. Құжат кәсі­би бірлестіктер мен ха­лық­аралық ұйымдарға мүше­лік шеңберінде елдер ара­сын­да тәжірибемен, жаңалық материал­дармен, ақпарат­тық қызмет­термен алмасуды, ын­ты­мақ­тастықты және үйлесті­руді болжайды. Құжат журналистер алмасу бойынша тағылымдамасын да көздейді. «Біз Қазақстан Респуб­лика­сымен бұрыннан бері тығыз қарым-қатынастамыз, бұл ке­лісім екі ел арасындағы ақпа­раттық сала бөлігіндегі өзара іс-қимылды күшейтеді, жаңа­лықтармен алмасуды жеңіл­детеді, бір біріміз туралы толы­ғырақ ақпарат беріле­ді деп үміт­тенеміз. Біз бірлес­кен ынтымақ­тастықта үлкен мүм­кіндікті және болашақты көреміз. Сон­дай-ақ, біз осы бағытта жұмысты бас­тай отырып, өзіміздің мүм­кіндіктерімізді кеңейте аламыз деп ойлаймын», деді Мохамед Жәлел әл-Раиси. «Біз араб еліне шақыр­ған­дарыңыз үшін алғысымызды біл­діреміз. Бұл екі ел ара­сын­дағы өзара іс-қимылды жал­ғас­тыруға көмектеседі. Біз БАӘ-мен ынтымақтасуға қызығушылық танытып отырмыз. Екі елдің көшбасшылары екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл жемісті болуы үшін барлығын жасауда. Бұдан басқа, ынтымақтастық шеңберінде 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Қазақ­станның елордасында өтетін алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін толық жария­лауға ниеттіміз. Табысты ынты­мақ­тастыққа үміттенеміз», деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. «WAM» ақпараттық агенттігі 1976 жылы құрылған және бү­гінде БАӘ-дегі ең танымал ақ­па­раттық тұғырнама болып табылады. «Егемен-ақпарат»