14 Ақпан, 2017

Сенімге бастайтын жол

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен елдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерімен кездесті. Шараға Парламент Мәжі­лісі­нің депутаттары, Қазақ­стан халқы Ас­самблея­сы Қо­ғам­д­ық келісім кеңес­терінің мү­ше­­лері, жастар ұйымдары­ның жетекші­лері, сарап­шылар қатысты. Кездесу барысында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жол­дауы, сон­дай-ақ, Мемле­кет басшысының кон­сти­ту­­ция­лық реформасы бойын­ша ұсы­ныстар әзірлеу мәселесі талқыланды. Шараға қатысушылар саяси жүйені жаң­ғырту – бұл мем­лекеттілікті ны­ғай­ту, би­ліктің үш тармағының өз­ара оң­тайлы іс-қимыл жасауы және олар­д­ың әрқайсысы­ның жауапкершілігін арт­­тыру арқылы жүзеге асатын үде­ріс еке­­нін жеткізді. Соны­мен қатар, олар мем­­ле­кеттік билік жүйе­сін реформалау үшін Бес инс­титуттық реформаны іс­ке а­сы­­­ру­­ға қолайлы жағдайлар­ды қам­та­­ма­­сыз етуге мән беру қажеттігіне тоқталды. Бұл күнгі жиын аясында Үкіметтің және атқарушы биліктің Парламент пен жергілікті өкілетті орган­дар­дың алдында есеп беру теті­гін күшейту мәселесі қара­лып, бұл өз кезегінде Қазақ­станды демократия жолын­да одан әрі сенімді түрде ілгерілету бойынша жаса­латын оң қадам екені айтыл­ды. Сондай-ақ, жалпы, мем­лекеттік билік жүйесіне жаса­латын реформаның негі­зін­де қазіргі заманның жаһан­дық және өңірлік сын-қатер­лерінің алдын алу жолдары қарастырылатынына назар аударылды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»