14 Ақпан, 2017

2016 жылы Ақмола облысында 8 денсаулық сақтау нысаны ашылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысында 8 денсаулық сақтау нысаны ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Есепті кезеңде денсаулық сақтау саласын дамытуға 35,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 33,6 миллиард теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық жәрдемге жұмсалды. 2016 жылы 8 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды (Ақкөл қаласындағы 250 келушіге арналған емхана, Державинск қаласында емханасы бар аурухана, Астархан ауданының Петровка ауылындағы фельшерлік-акушерлік пункті, 5 дәрігерлік амбулатория). «Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында 28 нысанға 537,6 миллион теңге қаржы бөлініп, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 274 медициналық құрылғы, 12 санитарлық автокөлік сатып алынды», - делінген хабарламада. Ақмола облыстық ауруханасында балалар кардиохирургиясы бойынша шеберлік сыныбы өтіп, Алматы және Көкшетау қаласының кардиохирургтерімен 11 баланың жүрегіне ота жасалды. Қуықтағы ісікті емдеу үшін Ақмола облыстық онкологиялық диспансеріне қымбат құрал-жабдық сатып алынды. Жергілікті бюджет және шаруашылық субъектілерінің есебінен 2016 жылы оқуға бітірген 116 түлек  медициналық ЖОО-дарында білім алуда. 265 дәрігер және 754 орта медициналық қызметкер медициналық ЖОО, колледж және ғылыми орталықтарда қайта даярлықтан өтті.