15 Ақпан, 2017

Кітап – жан азығы

808 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Мен ұзақ жылдан бері орта мектепте, кейінгі кезде гим­на­зия­да қазақ тілі мен әдебиеті пән­дерінен сабақ беріп келемін. Осыған байланысты бұған дейін жинақталған кейбір іс-тәжі­рибемді «Тәлім» беті арқылы әріп­­тес­­теріммен бөліскім келеді. Осы кезең аралығында әр сабаққа жан-жақты әрі тыңғылықты әзір­лік­термен келуді айнымас әдетіме айнал­дырдым. Ешуақыт­та енжар­лық пен селқостық таныт­пауға тырыс­тым. Балалар мен жет­кін­шек­тердің жан дүние­сі өте нәзік әрі сезімтал келе­ді. Сабақты сал­ғырт беріп тұр­ғаның­ды бірден бай­қап қояды. Сон­дықтан мектеп­тегі кез келген пәннің мұғалімі оқушылар алдын­да өзін тек сабақ беруші ғана емес, ең біріншіден, ұла­ғатты ұстазы, ақылшысы, ана­сы, тіпті дос-құр­бысы мен сыр­ла­сы ретінде таны­та алса – бұл оқу­шы­ның да, оқыту­шының да жарты бақыты деуге болады. Баламен бірге қуанып, бала­мен бірге серпіле алсаңыз, тәлім беру мен қабылдау ара­сын­дағы бай­ланыстар да соғұр­лым тере­ң­дей түсетініне өз тәжі­ри­­­бем ар­қылы да дәлелдер кел­тіре ала­мын. Ұстаздық жолға үл­кен сү­йіс­пеншілікпен қарай білу­дің қажеттілігі де осын­да деп есептеймін. Осы ұста­ным мені сабағыма қашанда сын тұр­ғысы­нан қарай білу дағ­ды­сын ор­нық­тырды. Бұл ара­да оқу­шы­ның бо­йында ойлау тех­нологиясы мен тетігін қалып­тас­тырудың берер пайдасы мол. Мұндай жағ­дайда жас жеткін­шек­тердің өзіне деген сенімі арта түседі. Әрі олар өз мүмкіндігінің шектеулі емес, мол екеніне көзін жеткізе алады. Ең бастысы, жат­тан­ды­лық­­тан бойын аулақ сала білу қа­сиеті қалыптасады. Кез кел­ген ұстаздың басты парызы – оқу­шы­ға сапалы білім беру және сана­лы тәрбие тармақтарын сіңі­ру. Білік­тілік дағдыларын мең­герту. Алайда, мұның өзі жеткі­лік­сіз. Бұған қоса, олардың өз бетін­ше ізденулеріне және шығар­ма­шы­лықпен жұмыс істеуге дағ­ды­лануы­на қол жеткізе алған мұ­ға­­лім­­нің мерейі қашанда үстем. Бұл әдістер мен тәсілдер, әсі­ресе, гуманитарлық сипаттағы пән мұға­лім­деріне аса қажет. Бұл орай­­да шәкірттеріме қазақ әде­бие­­ті­­нің өкілдері ғана емес, соны­­мен бірге, шет ел әдебиеті клас­сик­­тер­і­­нің туындыларын оқуға ке­ңес беріп жүрмін. Оның пай­да­сы мол. Мұндай жағ­дай­да оқу­шы­лар­­дың ой-өрісі кеңе­йіп, өмір­ге көз­қарасы мен ұста­ны­мы ай­қын­­дала түседі. Қазір интер­нет, компьютер заманы. Өмір тала­бы осын­дай, әйтсе де, өскелең ұр­пақ­­тың ин­тер­нет­тен қабыл­даған де­рек­­­тері мен материалдары көркем әде­­биет­­тің беретін рухани ләззаты мен әсе­­ріне татымайды деген ойда­мын. Қазіргі кезде өркениетті, дамыған елдердің өзінде кітап оқу дағдысын қайтадан тереңдету мен жаңғыртуға бағыт алуы тектен-тек болмаса керек. «Кітап – жан азығы» деген қағида қай дәуірде де маңызын жоймайды. Кітап­тар – қосымша білім беру­дің таптырмас көзі. Бұдан ар­тық қосымша әдістемелік құрал табы­ла қоюы да екіталай. Сон­дай-ақ, сабақ кезінде көркем шы­ғар­маны оқушылармен біріге оты­рып, талқылаудың да берер тағы­лымы мол. Бұл әдебиет пәні саба­ғындағы басты тәсілдің бірі болуы тиіс. Осы тұрғыда Қанипа Бітібаеваның атаулы зертханасына ұсынылған іс-тәжірибем республикалық деңгейде оң бағаланған болатын. Бүгінгі өскелең уақыт талабы ұстаздарға дамыта оқытумен бірге сын тұрғысынан ойлау, модель­дік және деңгейлеп сара­лап оқыту талаптарын қойып отыр. Қазіргі кезде осы озық әдіс­темелерді тәжірибе жүзінде қалай қолдану керектігі жөнінде аймақтық және республикалық семинарларда әріптестеріммен ой-пікір алмасқан едім. «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қарымтасы қайтпаса» деген­дей, «Егеменде» тұрақты түр­де шыға бастаған «Тәлім» беті ар­қылы тәжірибе алмасып тұрсақ, мұндай игі істің қай-қайсымызға да берері көп деп білемін. Құрманай ЖАКЕШЕВА, Ақтөбе қаласындағы №21 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ақтөбе облысы
Соңғы жаңалықтар