Оқиға • Бүгін, 17:43

Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада аукционға қойылған, Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 көлігі сатылмай, полицияның пайдалануына берілді, деп жазады Egemen.kz.

Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді

Фото: sauda.e-qazyna.kz сайты

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, заң бойынша мұндай активтер алдымен мемлекеттік мекемелерге ұсынылады. Тек сұраныс болмаған жағдайда ғана сатылымға шығарылады.

2026 жылғы 7 сәуірдегі хаттамаға сәйкес, көлікті Астана қаласының полиция департаменті иеленді. Қазір оны ведомство балансына рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді

Белгілі болғандай, көлікке 2024 жылғы 19 қарашада сот шешімімен тыйым салынған. Ал 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат ісі бойынша үкім шыққан. Мүлікке қатысты шешімдер үкімді орындау барысында қабылданады.

Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық сотқа шағым түсірді

Бағалау есебінше, автокөліктің техникалық жағдайы жақсы. Оны полицияның қандай мақсатта пайдаланатыны нақтыланбады.

Еске салайық, Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік қатарында бірнеше пәтер, қымбат көліктер, бизнес үлесі мен ірі көлемдегі қаражат бар.

Перизат Қайрат 1,5 млрд теңгені жымқырды деген айыппен 10 жылға сотталды, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар