15 Ақпан, 2017

Алдағы үш жылда 1290 ауылға интернет жеткіземіз - Абаев

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысында Қазақстан ауылдарын жоғары жылдамдықты итнтернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz. "Үкімет бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Біз "Қазақтелеком", "Транстелеком" компанияларымен бірлесіп ауылдарды жоғары жылдамдықты итнтернетпен қамтамасыз ету жобасын дайындап жатырмыз. Бірінші кезеңде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында алдағы екі жылда 1 290 ауылды ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарланған. Нәтижесінде 2 млн-нан астам азамат сапалы интернетке қол жеткізеді. Ал осы жылдың соңына дейін радиожелілік станциялар құрылысын жоспарлап отырмыз. Республиканың аудан орталықтарын 4G форматындағы интернетпен қамтамасыз етпекпіз", - деді Абаев. Министрдің айтуынша, 2017-2019 жылдары 1 291 ауылға ғаламтор тартылса, қалған 4 мың ауыл жобаның екінші кезеңі, яғни 2020-2025 жылдар аралығында қамтамасыз етілмек. "Екінші кезеңде біз интернетті сыммен емес, спутниктік әдіспен тартуымыз мүмкін. Бұл үлкен әлеуметтік жоба, оны мемлекет те түсініп отыр", - деді Абаев.