07 Сәуір, 2011

Бұл – халықтың жеңісі!

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халқым, бүгін жасадың қалауыңды, Биік көтер қашанда жалауыңды. Дала, қала шаттықтың құшағында, Кетті аралап қуаныш әр ауылды.   Сала берді жадырап көктем күні, Күдер үзбей күткенбіз көптен мұны. Жайнағанда жаңарып барлық өңір Көз алдымнан Елімнің өтті ерлігі.   Шаттан! Шаттан! Ақтарыл ақ көңілмен, Мәңгі-бақи кетпесін бақ төріңнен. Бейбіт күнді, Қарсы алсақ берекені, Не бар артық осынау тәтті өмірден?!   Жиырма жыл тәуелсіз елдігіңе, Жиырма жыл өрлігің, ерлігіңе. Даламызға шұғыла, шуақ шашып, Көктем күліп тағы да келді, міне.   Қуаныштан дәл бүгін күлмес күліп, Жанды баурап ән мен күй тұр естіліп. Қарлығашы көктемнің Қанатына Алып келді жаңалық ілестіріп.   Сол жаңалық жерімнің қойнауында, Алатауда, Арқада... Тойлы ауылда! Қалаулысы халықтың – Назарбаев Жеңіп шықты Президент сайлауында!   Бұл хабарды әр атқан таңнан күттім, Елім деп еміренген жаннан күттім. Бұл жемісі – жүректің елін сүйген, Бұл жеңісі – халықтың, Адалдықтың!   Елдестердің жүзінде шабыт тұнып, Жердің жүзін сол шабыт жарық қылып. Құтты болсын айтады бір-біріне Құтты болсын айтады барлық құрлық!   Осы емес пе, ағайын, күткеніміз, Шашып жатыр шашуын құт-беліміз. Шашып жатыр шашуын аспан жерге, Тағы биік белеске шықты еліміз.   Бейбіт елдің  жері мен аспаны ізгі, Гүл көмкерді кеше біз басқан ізді! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы, Нұрлы, сырлы ертеңге баста бізді! Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ, Парламент Мәжілісінің  депутаты.