07 Сәуір, 2011

«Бұл таңдау Қазақстан халқының Сізге және Сіздің саясатыңызға деген орасан сенімінің айғағы»

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті етіп тіркеді. Тиісті куәлік пен төсбелгі Елбасының қызметіне ресми кірісуіне орай 8 сәуірде өтетін салтанатты Ұлықтау рәсімінде табыс етіледі. ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де БРИШАМБО:

«Бұл таңдау Қазақстан халқының Сізге және Сіздің саясатыңызға деген орасан сенімінің айғағы»

«Баға деген салыстыр­малы нәрсе. Бағаның бағасы ол баға­ны кімнің беруіне байланысты» – «Егемен Қа­зақстанның» еліміздегі кезектен тыс президенттік сай­лауға орайластырған ар­нау­лы шығарылымындағы «Біз­дің ел осындай! Біздің ер осын­дай!» деген мақала­дағы бұл сөздер Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын жеңі­сі­не әлемнің жетекші елде­рі­нің басшыларынан келіп тү­сіп жатқан құттықтау­лар­ды оқығанда ойға қайта орала­ды. Елбасымызға бұл күндері жолданып жатқан сондай аса салмақты құттық­таудың бірі әлемдегі айрықша беделді ұйым­ның – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы­ның Бас хатшысы, халықаралық қоғамдастықта сөзі бөлекше қадірлі басшы Марк Перрен де Бришамбоның құттықтауы. Жоғары мәртебелі, мен Сізді Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті қызметіне қайта сайлануы­ңызбен шын жүректен құттықтаймын және бұл таң­дау Қазақстан халқының Сізге және Сіздің сая­сатыңызға деген орасан сенімінің айғағы деп санаймын, деп басталады ЕҚЫҰ Бас хатшысының құттықтауы. «Сіздің үдемелі экономикалық дамып келе жатқан жас мемлекеттің қалыптасуындағы жеке үлесіңіз және жоғары халықаралық беделіңіз хал­қыңыздан лайықты баға­сын алды, ал Қазақстанды одан әрі дамыту жолындағы көз­қарасыңыз қолдауға ие бол­ды. Сіздің басшы­лы­ғы­ңызбен саяси және әлеу­меттік-эконо­ми­калық даму­ға ұмтылысы жо­лында Қа­зақстанға келешекте табыс­тарға жетуіне тілектестік білдіремін, Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы жемісті ын­ты­мақтастық жалғаса­ты­нына сенемін. Біз Қазақстан тарабы­ның ЕҚЫҰ-ға қол­дауын жоға­ры бағалаймыз. Оған Сіздің елдің өткен жылы ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретіндегі өте табыс­ты лидерлігі дәлел болып табылады. Қазақстан біздің Ұйымның өміріне жаңаша дем және оның жұмысына тың серпін берді. Мен Қазақстан алда да ЕҚЫҰ-да белсенді рөл атқаратынына сенімдімін», деп ақ тілегін ақтарған ЕҚЫҰ Бас хатшысының бұл бағасы халықаралық қоғамдастықта сайлаулар өткізу жөнінде негізгі беделді ұйым болып санала­тын Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы демократиялық жаңару­ларға тиісінше қолдау көрсетіп отырғанын білдіреді. Бас хатшының құттықтауындағы біздің еліміздің «ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретіндегі өте табысты лидерлігі» жайында атап айтқаны, «Қазақстан біздің Ұйымның өміріне жаңаша дем және оның жұмысына тың серпін берді» деп қадап көрсетуі бәріміздің мерейімізді тасытады.