17 Ақпан, 2017

Жастар жауапкершілігі жоғары

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, «Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ атқарушы директорының ресми өкілі Әлішер Тұрсын мен Қазақстан студенттері Альянсының көшбасшысы Мержан Әбілхас қатысты. Брифингте Д.Сүндетбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру үшін еліміздің барлық өңірлерінде тиісті жұмыстардың жасалып жатқанын, «Жас Отанның» аймақтық филиалдарының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» алаңы мен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 48 кездесу өткізілгенін атап өтті. Сонымен бірге, ол еліміздің 14 облыс орталығы мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан базар­ларда мемлекеттік органдар мен мәслихат депутаттарының қаты­суымен 36 қабылдау шарасы болғанын, 124 кездесу өткізіліп, оған жалпы саны 18 мыңнан астам адам қатысқанын айтты. Кездесуде «Жас Отан» жас­тар қанатының төрағасы жас­тар үшін тағы бір маңызды мәселені атап өтті. Ол – оқуға түсе алмаған талапкерлерді қолдауға арналған шаралар. «Қазіргі кезде біз «Сәтті қадам» жобасын жасап жатырмыз. Бұл жобаға оқуға түсе алмаған жастардың 50 пайызы қатыса алады», деді Д.Сүндетбаев. Сондай-ақ, ол алдағы кезде қала мен ауыл жастарына білім беру айырмашылығын азайту жұмыстарының да жасалатынын жеткізді. Кездесуде Қазақстан сту­дент­тері Альянсының көшбас­шысы Мержан Әбілхас та Жол­дау­дағы бағыттарды толықтай қол­дайтындарын мәлімдеді. «Бұл – тек Елбасымыздың қол­дауы­мен іске асқан бағдар­лама­лар­дың азғантай ғана бөлігі. Қазір олар өз жемісін беріп келеді», – деді ол. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»