17 Ақпан, 2017

Басты мақсат – қауіпсіз әлем құру

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Бұл маңызды басқосуға Қазақстан делегациясы да қатысты. Жиын барысында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері бірауыздан Солтүстік Корея (КХДР) билігінің баллистикалық зымыранды сы­науға қатысты бұл өрескел әре­ке­тін бірауыздан айыптады. Сон­дай-ақ, жедел өткізілген кеңес­те КХДР тарапының БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесі қарарының талаптарын тағы да бұзғанына алаңдаушылық біл­дірілді. Айта кетейік, КХДР бұған де­йін де бірнеше рет БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесі тарапынан қарар­ды көзге ілмеген болатын. Сондай-ақ, отырыста Солтүс­тік Кореяның гуманитарлық са­ла­дағы күрделі жағдайына, ел­дің билігі халқының нашар тұр­­мы­­сына қарамастан, ядролық жә­не әс­кери бағдарламаларды жү­зе­ге асы­ру мақ­сатында қаржы бөлу­ді жал­ғас­­ты­рып отырғанына назар аударылды. Қазақстан тарапы Солтүстік Корея­ның бұл жөнсіз іс-әре­кет­­тері жаһан­дық және өңірлік қауіп­­сіз­дікке қатер төндіретінін, сон­дай-ақ, әлем­дік ядролық қару­сыз­дану үдері­сіне кері әсерін тигі­зетінін қатаң ес­кертті. Осы­ған байланысты елі­міз­дің БҰҰ жа­нын­дағы тұрақты өкі­лі Қай­рат Омаров Қазақстан Сырт­­қы істер министрлігінің КХДР-дың баллистикалық зы­мы­­ран ұшы­руын айыптап ар­на­йы мә­лім­деме жасағанына Қауіпсіздік Ке­ңе­сі мүшелерінің назарын аударды. Сондай-ақ, дипломат халық­ара­лық қоғамдастықтың атал­ған мәселеде сындарлы шешім шығарып, тиісті шаралар қа­был­дауы тиіс екенін, Солтүстік Корея­ның ядролық бағдарла­ма­сы бойынша алтыжақты келіс­сөз­дерді қайта бастау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, Қ.Омаров әлем­нің шынайы қауіпсіздігінің ке­пі­лі қарусыз әлем құру еке­нін атап көрсетті. Осы орай­да, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның 100 жыл­­­дық мерейтойына дейін (2045 ж.) ядролық қарусыз әлем құруға БҰҰ-ға мүше бар­лық мемлекеттерді, әсіресе, Қауіп­сіздік Кеңесіне қатысушы елдерді шақырғанына екпін берді. Бұдан бөлек, тұрақты өкіл Қазақ­­станның бастамасымен бірін­ші практикалық қадам ретінде 2015 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядро­лық қарудан азат әлемге қол жет­кізу жөніндегі жалпыға бірдей дек­ларациясы қабылданғанын еске салды. Жиын­да Қазақстан бастама­лары мен ұсыныстары Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері тарапынан қолдау тапты. Отырыс қорытындысында, Сол­түстік Кореядағы жағдайды бақы­лауда ұстау, ондағы ядролық бағ­дар­ламаның дамытылуына қарсы шаралар қабылдау, әсіресе, алты­жақты келіссөздерді қайта бастау және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарары­ның қатаң орын­далуын қамтамасыз ету сынды мәселелер атап көрсетілді. Дайындаған Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»