Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткізген алқа мәжілісінде жасалған баяндамаға қарағанда, өткен жылдың екінші жарты жылдығынан бастап прокурорлар күнделікті жұмыспен қатар, өз саласына жобалық менеджментті енгізуді қолға алған. Ал жобалық менеджмент деген не?
«Бір сөзбен айтсақ, бұл нәтижеге бағытталған командалық жұмыс және біздің өңірімізге тән өзекті мәселелерді шешу мақсатындағы өзара байланысқан бірегей іс-шаралар жиынтығы. Қызметкерлерді бір мезетте қайта бағдарлау үшін нақты тапсырма немесе нұсқау беру жеткіліксіз болды. Тек үйретіп оқыту мен жобалық тәсілді енгізудің өзіне 3 айдан астам мерзім кетті. Осы саладағы жұмыс тиімділігінің төмендігіне байланысты орынбасарларымның арасындағы қызметтік міндеттер қайта бөлінді, оның біреуі күнделікті жұмыстан босатылып, жобаларды орындау міндеті жүктелді. Жұмыстың жаңа әдістерін енгізе отырып, біз 12 жобаны жүзеге асыруға кірістік, олардың әрқайсысы біздің өңірге өздігінше өте маңызды», делінді облыс прокуроры Ибраһим Иманов жасаған баяндамада.
Осыған орай, бір-екі жобаға арнайы тоқтала кетейік. Халық сенімінен шығудың басты жолы – азаматтардың өтініштерін сапалы қарау мен құқықтарын қорғау. Сол себепті Оңтүстіктің прокурорлары Бас прокуратура секілді «Тиімді шағымдар қоғамы» атты жобасын іске асыруға кіріскен. Өйткені, шағымдану, арыздану – Оңтүстік өңірінде өте өзекті мәселе. Сол шағымдардың саны жылына 10 пайызға өсіп отырады, бірақ, өкінішке қарай, олардың 18 пайызына ғана жауап беріледі екен.
Аталған жоба аясында «Қоғамдық қабылдау» институты құрылған. Жеке қабылдаулар тек Консультативтік кеңес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Бұл кеңестің құрамына облыстың абыройлы азаматтары мен прокуратура ардагерлері енген. Нәтижесінде осындай тәжірибелі азаматтардың қабылдауында болып, кеңес алған азаматтар қайта шағымданудан бас тартып, жеке қабылдауға жазылушылардың саны 2 есеге азайған. Жоба іске асырылған 4 айдың өзінде прокуратураға түскен өтініштердің саны 30 пайызға төмендепті.
Облыстық прокуратура қолға алған тағы бір мәселе – жер телімі төңірегіндегі заңсыздықтарға жол бермеуге қатысты. «Жер учаскелеріне өз бетінше иелік етуді жою» жобасы аясында жер учаскелеріне өз бетінше иелік етудің 452 фактісі анықталған. Қолданылған шаралар негізінде кейбір жерлерді қала әкімдігі заңдастырды, кейбіріне уақытша пайдалану құқығы берілді. Қалғандары өз бетінше жерді босатқан.
Қолға алынған шаралар барысында облыстық кадастр орталығында жер учаскелерінің орналасуы мен координаттарының заңсыз өзгертілгені, кадастрлық істерге оңды-солды жалған мәліметтердің енгізілгені анықталған. База кімнің болса, соның қолында жүрген. Содан прокуратураның жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жерге орналастыру қызметімен айналысатын 79 жеке мекемелермен келісімшарттар бұзылса, кадастр мәліметтерін заңсыз қолданудың жолы кесіліп, базаны ашық қолдануға мүмкіндік жойылған. Бұл осы саладағы алаяқтық деректерін 7 есеге төмендетуге мүмкіндік берген.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Қоғам • Бүгін, 11:50
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 11:45
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:37
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Инвестиция • Бүгін, 11:29
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Референдум • Бүгін, 11:22
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Экономика • Бүгін, 11:18
Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді
Энергетика • Бүгін, 11:11
Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?
Экономика • Бүгін, 11:00
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Үкімет • Бүгін, 10:48
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Өндіріс • Бүгін, 10:38
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:35
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Қоғам • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:02
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:43