17 Ақпан, 2017

Азамат ажары

299 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Азамат басындағы абырой мен атақ, бедел мен бақ туған еліне сіңірген адал еңбек арқылы келеді десек, бұл күнде Бас әскери прокурор, әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтің өнегелі өмірі, Отанға қызмет ету жолдары осының айқын дәлелі болмақ. Оның заң саласында үздіксіз, абыройлы еңбек етіп келе жатқанына 35 жылдың жүзі болыпты. Е.Мерзадинов ҚазМУ-дің жолдамасымен еңбек жолын Алматының сол тұстағы Калинин аудандық проку­ра­турасында тәлімгер болып бастады. Жас жігіттің уни­вер­­ситет қабырғасында жүріп құ­­қықтық заңна­ма­лар­ды жан-жақ­­ты меңгергені жұ­мысқа ал­ғаш­­қы құлшына кіріскен күн­нен-ақ байқалды. Тындырымды жі­гіт біршама тәжірибе жинап, ысыла ке­ле құқықтық қа­да­ға­лау ісі­нің қыр-сырын тез мең­ге­ріп алды. Осы жерде аға тер­геу­­шілік қызметке дейін өс­ті. Бар­лық тапсырылған мін­­детті мүл­тіксіз орындап, заң­намалық анық­та­ма­лар­ды сауаттылықпен жә­не бі­лік­тілікпен жаза біле­т­ін, ойын орамды етіп жет­кі­зе алатын, оның үстіне, заң­ды­лық тұрғысынан орнықты ұсы­ныс, тыңғылықты кеңес бе­руге қабілетті маман 1986 жылы Қазақ КСР Бас про­ку­­ратурасы тергеу бас­қар­ма­сының прокуроры болып та­ғайындалса, 1991 жылы аса қау­іпті қылмыстарды тергеу бө­­лімі бастығының оры­н­ба­сар­­лығына көтерілді. Тәуелсіздіктің ақ таңы арай­­­лап атқан кезде Ерғали Се­рік­бай­ұлының елдік мұ­ратты ас­қақтату жолында бар болмы­сы­мен беріле қызмет еткенін а­нық көруге болады. Ол 1991-1992 жылдары Қазақ кө­лік прокуратурасының тергеу басқармасы бастығының орын­­басары, 1992-1994 жыл­да­ры Алматы қаласы Со­вет ауданының, 1994-1996 жыл­дары Алматы қалалық про­ку­рорының бірінші орынба­сары, 1996-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның, 1997-2001 жыл­­дары Алматы қала­сы­ның, 2001-2002 жылдары Қарағанды об­лы­с­ының про­ку­­роры сынды аса жауапты қыз­­меттер ат­қа­рып, егемен мем­­лек­е­тіміздің заң­дылық тұр­ғыда нығаюына зор үлес қо­сты. Жауапты қызметпен ғы­лым­ды да қоса алып жүр­ді. Ол 2001 жылы заң ғы­лымдарының докторы, академик Ғ.С.Сапарғалиевтің жетекшілігімен «Адам мен азамат құқықтарының сақ­та­луына про­курорлық қадағалау жүр­гізу жұ­мы­сындағы конс­ти­ту­ция­лық-құқықтық мә­се­­лелер» тақ­ырыбында кан­­дидаттық диссертация қор­ғады. Ал 2002 жылдың ақ­панында еліміздің Ішкі іс­тер вице-министрі болып та­ғайын­далды. 2004 жылы ма­мыр­да Астана қаласының прокуроры, бір жылдан соң Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалса, 2009 жыл­дың мамырынан бері елі­міз­дің Бас әскери прокуро­ры болып же­місті қызмет ат­қа­рып келеді. Әділет генерал-лейте­нан­­­ты Е.Мерзадиновтің қа­зақ­стан­дық құқықтық жүйе­де алар орны, қоғам өмі­рін­дегі сі­ңіріп келе жатқан ең­­бегі өз алдына бөлек әң­гіме. Оның бас­­­тамасымен Бас әскери про­­­ку­ратураның Астанаға кө­­ші­­­рілуі қам­та­масыз етілді, әс­­­кери про­курорлардың жұ­мыс тә­сіл­дері мен әдістері же­­­тіл­дірілді, қадағалау фун­к­­­- циялары, оның ішінде әлеу­мет­тік-экономикалық сала­да кү­­шейтілді, прокурату­ра орган­дарына тергеу құ­қы­ғының бе­рі­луіне байла­ныс­ты тергеу аппараты құ­рыл­ды. Сондай-ақ, әс­кери про­курорлардың күш-жі­гері құ­қық бұзушылықтың ал­дын алу­ға және мемлекеттің қор­ға­ныс әлеуетін нығайту мен сақ­тауға, жастарға әскери-пат­риот­­тық тәрбие беру жүйе­сін да­­мытуға ықпалын ти­гізетін бас­­­қа да өзекті жо­баларға ба­ғыт­талды. Осы жылдары Бас әскери про­­куратура Әзербайжан, Бе­ларусь, Венгрия, Ресей, Украина және Қытайдың әс­­к­е­ри прокуратураларымен ын­тымақтастық орнатты. Осы­ның негізінде қазір ма­ман­­дарды шет елдерде оқы­ту жүзеге асырылуда. Енді, мі­­не, бүгінде осындай ат­қа­рыл­­­ған зор жұмыстардың ар­­қасында Қазақстанның әс­кери прокуратурасы алға қой­ылған міндеттерді табыс­ты әрі мүлтіксіз орындап отыр­ған дербес құқық қор­ғау ор­ганы болып та­была­ды. Ерекеңнің көп жылғы адал ең­­бегі ескерусіз қалған жоқ. Құ­­қық қорғау саласындағы ең­бегі ескеріліп І және ІІ дә­ре­желі «Даңқ» ордендерімен, «Про­куратураның құрметті қыз­­меткері», «Ішкі істер са­ла­сының еңбек сіңірген қыз­­мет­ке­рі» атақтарымен, сон­дай-ақ, көп­теген мерекелік медальдар­мен марапатталды. 2013 жы­лы Ел­басының қо­лынан әді­лет гене­рал-лейте­нант жо­ға­ры әскери шенін ал­ды. Бүгінде өскелең ұрпақтың тәр­биесіне де әскери про­ку­ра­­ту­раның терең мән берген жайы бар. Бас әскери про­курордың бастамасымен ел­орда­дағы бірқатар мектептер жә­не туған ауылында «Әскери про­куратураның кадет сынып­тары» жұмыс істеп тұр. Мұнан әрі де бұл жұмыстар қанатын кеңге жая бермек. Өйткені, әр адамның туған жері – құт­ты мекені ғой. Ерекең қай қиянда жүр­се де туған жерге де­ген сүй­іс­пеншілік сезімін, пер­зент­тік ал­ғысын білдіру мен ауыл­дас­тарына қамқорлық жасау­ды ұмытпайды. Оның туған өңі­­рінің өсіп-өркендеуіне қос­­қ­ан үлесі де айтарлықтай. Бұ­ған нақты дәлел бар. Ол жыл сайын туған ауылының мектебінде жеке қаражатынан «Үздік оқушы» және «Үздік ұс­таз» аталымдары бойынша екі стипендия тағайындап ке­леді. Аудан бойынша да спорт ісін жандандыру, өр­кен­­дету жолында небір жаңа бас­­тамалар көтеріп, ізгі істе­р­- ­­ді жүзеге асырды. Оның ті­ке­лей қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауда­нында «Мақтаарал» футбол командасы құрылып, бү­гінде бұл спорт командасы ел чемпионатында үздік ойын үлгі­сін көрсетіп жүр. Жалпы, қазақ – бақытты ха­лық. Мың өліп, мың тірілсе де тоз-тозы шығып тозған жоқ. Қайта өзін жақсы ісімен дә­лелдеп, қазақ атын әлемге әй­гіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтай ерен ердің бас­тауымен бір тудың астында жиналып, тату-тәтті өмір сүрудің, жасампаз өмірдің жар­қын үлгісін көрсетіп ке­леді. Сол егемендіктің ақ уы­ғын көтерісіп, елдік дең­гей­де­гі биік мансапты арқалап, құ­қық ісі­не бір азаматтай үлес қосып жүр­ген алғадай ер азаматтың бірі, бірі емес-ау, бірегейі Е.Мерзадинов екен­д­і­гінде сөз жоқ. Осы орай­да, айта кететін бір жайт – 17 ақ­панда Қазақстан әс­кери прокуратурасының құ­рыл­ғанына да ширек ғасыр тол­мақ­шы. Өткен мерзім ішінде әділ­дік­тің ақ туын ұстаған әскери про­курорларымыздың ел дамуы­на қосқан үлесі ұшан-те­ңіз десек, шындықтан еш ал­шақ кетпейміз. Абай ТАСБОЛАТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты