Казкоммерцбанк (Qazkom) Алматы қаласында өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының демеушісі болып, барша жастар арасындағы жалынды спорт жарыстарын қолдады. Банк бұл Универсиаданы әлемдегі ең айшықты спорт оқиғаларының бірі деп бағалайды және де әлеуметтік жауапты институт ретінде Qazkom бұл жобаға қолдау көрсеткеніне қуанышты.
Жарыстар өткен 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығындағы кезеңде Универсиаданың кез келген қонағы жеке дизайнда жасалған Qazkom бірегей төлем картасын шығаруға мүмкіндік алды. Бұл үшін банк бөлімшесіне бармай-ақ, карта шығаруға өтінішті тікелей Универсиада нысандарында тегін ресімдеуге жағдай жасалды. Төлем картасына түсетін бейнені әркім өз талғамына сай таңдай алды. Мәселен, оған Универсиаданы еске түсіретін танымал тұлғаны, асқар тауды немесе негізгі нысанның өзін де түсіріп, бедерлеуге болатын еді.
Бірегей дизайнынан бөлек, Qazkom карталары оны ұстаушы иелеріне кең ауқымды мүмкіндіктер ұсына алды. Атап айтар болсақ, олардың қатарына уақытты үнемдеуден бастап, қызмет көрсету ыңғайлылығы мен сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізгенде түсетін бонустар мен ұсынылатын жеңілдіктерді де қосуға болатын еді.
Qazkom Қазақстанның туристік әлеуетін дамытудағы мемлекеттің ұмтылысын қолдай отырып, Алматыдағы қысқы Универсиада қарсаңында жапондық JCB төлем карталарына қызмет көрсете бастады. Бұл республикамызға Күншығыс елінен келетін қонақтарды сапалы қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар әлемнің түрлі елдерінен келетін жалпы саны 30 мыңнан асатын қонақ-жанкүйерлердің қатарында болды.
Бүгінгі таңда Qazkom – Visa, MasterCard, AmericanExpress, Diners Club және Union Pay сынды барлық ірі халықаралық төлем жүйелерімен белсенді ынтымақтасып жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз банк. Банк Қазақстандағы ірі банкоматтар желісіне және қаржы қызметтерінің кең ауқымына ие, осының арқасында Qazkom мемлекеттің банк секторында көшбасшы орынды алады және 4 миллион клиентке қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда елдегі карточкалық төлемдердің әрбір екіншісі Qazkom процессингі арқылы жүргізіледі.
Банк Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиада жастардың жүрегіне үміт отын тұтатып, ал спортшыларымызға болашақ Олимпия ойындарына қатысуға жолдама алуға мүмкіндік беретін әлемдік спорттың ғаламат әрі есте қаларлық оқиғасы болғанын мақтаныш етеді. Qazkom әрқашан сіздерге қызмет етуге даяр. Әр қаладағы өз бөлімшелері мен интернет арқылы баршаңызға ең сапалы қызмет көрсетуге әзір.
Qazkom бөлімшелерінің және банкоматтарының картасын, сондай-ақ, банктің өнімдері және қызметтері туралы толық ақпаратты qazkom.kz сайты арқылы алуларыңызға болады.
• 17 Ақпан, 2017
Универсиада естелігі – Qazkom картасына бедерленген мұра

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан 20 тонна қоқыс жинады
Экология • Бүгін, 20:30
Министрлік жүргізушілерге құжаттарды уақтылы тексерудің маңызын еске салды
Қоғам • Бүгін, 20:17
ШҚО-да үш жұмысшы кәріз құдығында газбен уланып қалған
Оқиға • Бүгін, 18:49
Талғат Жақиянов: «Діни сенім еркіндігі» деген абсолютті еркіндік емес
Дін • Бүгін, 18:30
Новороссийск портына жасалған шабуыл қазақ мұнайының экспортына әсер етті ме?
Экономика • Бүгін, 18:00
Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді бөлу уақытша тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 17:50
Шығыс Қазақстан облысында 3 жұмысшы газдан уланды
Оқиға • Бүгін, 17:46
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді
Энергетика • Бүгін, 17:37
Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 17:21
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді
Бокс • Бүгін, 17:02
Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Экология • Бүгін, 16:50
Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр
Алматы • Бүгін, 16:22
Астананың қай бөлігінде жаңа саябақ пен гүлзарлар ашылады?
Елорда • Бүгін, 15:58