19 Ақпан, 2017

Таразда үш тәуліктен бері қар жауып тұр

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл облысының аумағында күн райы бұзылатындығы туралы кезекті ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Таразда және облыс аудандарында 17 ақпаннан бастап жауған қар әлі толастар емес, осы күндері бір айлық мөлшердің жартысынан астамы түсті. Қардың қалыңдығы 30-40 сантиметрді құрайды. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, алдағы тәулікте қардың түсуі тоқтамайды. Онымен қоса, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді.