19 Ақпан, 2017

Димаш Құдайберген – I'm in China жобасының тұңғыш елшісі (фото)

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытайдың Hunan TV арнасындағы «I am a Singer» байқауына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жергілікті Сычуань өлкесіндегі пандалар бағына барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде, не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа енген мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие, деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануардың әлем бойынша 2000-ға жуығы ғана қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім... Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Чанду қаласына арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынарақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!», – деп жазды жас әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында. Сонымен қатар әншінің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Қытайдың Чанду қаласында тұрғындарымен кездесіп, тілдесті. Жергілікті тұрғындар Димашқа деген өз ілтипаттарын білдірді. Ол Сычуань провинциясының Чанду қаласында сол жергілікті тұрғындардың ежелгі дәстүрімен танысып, атақты шәй демдеу рәсімін үйренген. Сондай-ақ Димаш осы саяхат барысында Сычуань операсын тамашалады.