20 Ақпан, 2017

Кооперативтер – ауылды дамытудың темірқазығы

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүс­тікке Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов екі күндік жұмыс сапарымен келіп, облыс активімен және жұрт­­шы­лықпен жүздесті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаң­­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жол­дауы­­ның Үкімет алдына қойып отырған міндеттері бойынша алқалы жиын өткізді. Вице-премьер Мем­­лекет бас­шы­сының Ауыл шаруа­­шылығы ми­нистрлігінің ал­ды­­на қойып отырған міндет­теріне кеңінен тоқтады. Оның айтуынша, субсидияларды бө­лу қағи­даларын қайта қарас­тырып, біртіндеп өнімді сақтан­дыру­ға көшу, бес жыл ішінде 500 мың­нан астам жеке үй шаруа­­шы­лықтары мен шағын фермер­лер­ді кооперативтерге тарту мін­деті күн тәрті­бінде тұр. Сол сияқ­ты, өнімді өңдеу сапасын жақ­сар­тып, тауар­лар­ды сақтаудың, тасы­мал­даудың және өткізудің тиім­ді жүйесін құру, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өн­ді­ріс шығын­дарын төмендету, суармалы егіс алаң­ын 5 жыл ішін­де 40 пайызға кеңей­тіп, 2 миллион гектарға жеткізу көз­деледі. – Бұдан былай берілетін ша­ғын несие көлемі 18 миллион тең­геге дейін көтерілді және не­сиені қайтару мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды, деді Асқар Исабекұлы. Үкімет «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнестің шы­ғынын азайту бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл әсіресе, энергетика, көлік және логис­тика, сондай-ақ, тұрғын үй-ком­мунал­дық шаруашылығы сала­ларындағы қызмет көрсету құнына қатысты. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы үшін ерекше маңызды. Өйткені, мұнда 18 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері бар. Са­лыс­тырмалы түрде айтсақ, рес­пуб­лика бойынша жоғары көр­сеткіштердің бірі. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы