Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Ұлттық архив қорының құжаттары арқылы қазақстандық тарихты танымал етуге бағытталған іс-шаралар шеңберінде және «Біртектілік пен бірлік» реформасына сай «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 87-қадамын жүзеге асыруға арналған «Жеке тектік архив қорлары бойынша анықтамалық» кітабының тұсаукесерін өткізді. Тарих пен тағылымға толы анықтамалық кітаптың лентасын ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтің баласы Саят Жансүгіров қиды.
Анықтамалықта сирек және бірегей архивтік құжаттар көрініс тапқан, құрастырушылар белгілі адамдардың өмірі арқылы ел тарихын айқындауды мұрат тұтқан. Жеке тұлғалардың архивтері өз көзімен көрген, өздері белсене қатысқан оқиғаларды кеңінен сипаттайды. Бұл құжаттар өткен уақыттың оқиғаларын, ахуалын сезінуге, ел тарихын терең тануға мүмкіндік береді. Жеке тектік құжаттардың қай-қайсысы да құнды, сол себепті ол зерттеушілер қызығушылығын туғызары сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің жеке архивтерін қабылдауды 1998 жылы бастаған болатын. Қазіргі күні мемлекеттік сақтауда 82 жеке тектік қор бар, оның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Сағи Жиенбаевтың, Өзбекәлі Жәнібековтің, Марат Оспановтың, Әнуар Әлімжановтың, Манаш Қозыбаевтың, Михаил Есенәлиевтің, Асанбай Асқаровтың, басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қорлары жинақталған.
Анықтамалық Қазақстан тарихына қызығатын, өмірбаяндық зерттеулермен айналысатын оқырман қауымына арналған.
Анықтамалықтың тұсаукесерімен бірге тарихи-құжаттық көрме де ұйымдастырылып, онда жеке қорлар мен топтамалардан алынған қолжазбалар, күнделіктер, ғылыми және шығармашылық еңбектер, фотосуреттер көрсетілді.
Тұсаукесерге қадірлі қонақ ретінде анықтамалықта жеке қорлары туралы баяндалған белгілі қоғам қайраткерлері мен олардың туыстары қатысты.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 20:28
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Елорда • Бүгін, 19:48
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Спорт • Бүгін, 18:33
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Бүгін, 17:47
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Бүгін, 17:37
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Мектеп • Бүгін, 17:26
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:03
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 16:55
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 16:24
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:55
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:45