Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бірінші басымдық – технологиялық жаңғыруға байланысты Орал қаласында «Smart City – Ақылды қала» жобасы қолға алынды.
"Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының тең жарымы қоныс тепкен Орал қаласын адамдарға қолайлы, қауіпсіз етуіміз керек", деп мәлімдеді өңір басшысы Алтай Көлгінов.
Әкімнің айтуынша, жобаның «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша қала көшелері мен аулаларға 300 камера орнатылмақ. Мемлекет-жеке меншік әріптестігі негізінде жол бойын жарықтандыру жүйесін жаңарту жобасы дайындалған. Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді смартфоннан онлайн бақылауға мүмкіндік беретін «2 GIS» жобасы жасалуда. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары туралы бүкіл ақпарат жиналған онлайн платформа да көпшілікке қолжетімді болады.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
Жануарлар • Кеше
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Инвестиция • Кеше
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Аймақтар • Кеше
Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?
Саясат • Кеше
Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
Ата заң • Кеше