23 Ақпан, 2017

"Шұбар" шағын ауданынының қай жерлері сүрілетіні белгілі болды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанадағы "Шұбар" тұрғын үй алабындағы жер үйлер Астананың бас жоспарына сай келмейді. Сол үшін біртіндеп сүріледі. Бұл туралы «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының сынақтық жобалау шеберханасы басшысы Василий Шеин мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz. "Қазіргі таңда "Шұбар" шағын ауданы толығымен салынған. Ондағы жер үйлер жалпы құрылыс аумағының үштен бірін алып жатыр. Бұл Астананың бас жоспарына сай келмейді. Сондықтан алдағы уақытта инвесторлар табылып, арнайы бағдарлама қабылданып жатса біртіндеп сүріле бастайды. Бұл бір жылдың жұмысы емес", - деді Василий Шеин. Оның айтуынша, қазіргі таңда мектеп құрылысы салынатын жер таңдалып жатыр. Қай жерге салынатыны белгісіз болғандықтан, шағын ауданның қай аймағы сүрілетіні белгісіз. Шеиннің айтуынша, Астана сәулет және қала құрылысы басқармасы көлік тұрағы бар көпқабатты үйлер мен іскерлік орталықтардың, балабақша мен өзге де нысандардың құрылысы қолға алынатын жерлерді анықтады. "Жер үйлерден бөлек, шағын ауданда Ресей-Қазақстан университеті, қонақүйлер мен дүкендер де бар. Олар сүрілмейді", - деді Василий Шеин. Айта кетейік, кеше "Шұбар" шағын ауданының сүрілетіні туралы ақпарат тараған еді.