23 Ақпан, 2017

ЕҚДБ Қызылорданың дамуына қаржы салады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23 ақпан күні Қызылордада Еуропа қайта құру және даму банкі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы әріптестік мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман мен инфрақұрылым жөніндегі бизнес-топтардың атқарушы директоры Томас Майер қатысты. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Президентіне, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің тең төрағасы Сума Чакробарти мырзаға және аймақ үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін банктің өзге де өкілдеріне алғысын білдірді. "Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің қолдауымен облыстың инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша бірінші кезектегі ауқымды шаруалар атқарылуда. Жалпы сомасы 121 млн. АҚШ долларын құрайтын 5 несиелік келісім жасалды (40,2 млрд теңге). Жалпы алғанда 400 млн АҚШ долларына тең (133 млрд теңге) 9 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісім жасалды", - деді облыс әкімі. Қырымбек Көшербаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкманның еңбегін ерекше атап өтіп, оны Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Өз кезегінде Джанет Хэкман ханым аймақ басшылығына жемісті әріптестік үшін алғысын білдіріп, жуырда Каирге (Египет) қоныс аударатынын айтты. "Бүгін Қызылорда әуежайына табаным тиген сәтте осыдан 4 жыл бұрын келген кезім есіме түсті. Қызылордаға әр келген сайын оң өзгерістерді көремін: жаңа жолдар, заманауи автобустар, мектептер мен ауруханалар. Қызылорда облысы Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда өзге өңірлерге үлгі болып отырған бірден-бір аймақ", -деді Хэкман.