23 Ақпан, 2017

«Экспо-2017» көрмесіне Малайзияның 50 компаниясы келеді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Электроника мен қосалқы техника бөлшектерін жасауда аты шыққан мемлекет Астанада өтетін «Экспо-2017» көрмесіне 50-ге тарта компаниясын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты бүгін еліміздің Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов мәлімдеді, деп жазады Хабар24. Технология саласындағы соңғы жетістіктерін паш етуге дайындалып жатқан Малайзия елі Қазақстанмен құны бір миллиард долларға тең ұзақмерзімді қарым-қатынас жөнінде келісім жасасқан. Қазір мұнай мен газды игеру саласында Малайзиялық мамандар Маңғыстауда жұмыс істеп жүр. "Қазір мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жоба сәтті жұмыс істей бастады. Болашақта жаңа транспорт дәліздерін ашу арқылы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік бар. Себебі Малайзия компаниялары Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр", - дейді ҚР Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов.