24 Ақпан, 2017

Бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалау – баршамыздың міндетіміз (сұхбат)

137 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Жуырда Парламент 2017-2019 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Осыған орай біз Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай САБИЛЬЯНОВТЫ әңгімеге тартып, өзгерістердің қандай мәселелерді қамтығанын сұраған едік. – Заң жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаң­тарда жариялаған жаңа Жол­дауында берілген тапсырмаларды іске асыруға бағытталған. Он­да еліміздің экономикасы мен өңір­лер­ді дамытуға арнал­ған қосымша қаражаттар қарастырылған. Атап айтқанда, Жолдаудағы бірін­ші басымдық: экономиканы тех­нологиялық жедел жаңартуға 197 млрд 100 млн теңге көзделген. Оның ішінде көлік және логис­тика саласын дамытуға, яғни рес­пуб­ликалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге қо­сымша 72 млрд 200 млн теңге қарал­ған. Сонымен қатар, АӨК-ті да­мытуға да 58 млрд 200 млн теңге бөлу көзделген. Осының ішін­де ауылдық кооперативті, отба­сылық, фермерлік шаруашы­лықтарды қолдауға 15 млрд теңге қарастырылып отыр. Осының бәрі үлкен жетістік емес пе? – Қаржы негізінен қандай бағыттағы жолдарды жаңғыр­туға жұмсалады? – Біз өңірлерге барып, сайлау­шылармен кездесулер өт­кізгенде автожолдарға бай­ланысты тұр­ғындар арасында көптеген сұрақ­тар туындап, жол сапасының на­шар­лығына наразылықтар біл­діріліп жатады. Енді осы мәселе біртіндеп шешілер деп үміттенуге болады. Бөлінетін қаражат Астана – Петропавл, Таскескен – Бақты, Бейнеу – Өзбекстан Республикасының шекарасы, Үшарал – Достық, Өскемен – Талдықорған, Астана – Алматы, Меркі – Бурылбайтал бағыттарындағы жолдарға жаң­ғырту жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады. – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінбек? – Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға да қо­сымша 25 млрд 248 млн тең­ге қа­рас­­тырылған. Бұлар – қала кө­ше­л­ері мен алаңдарды абат­тан­ды­ру­­ға, елді мекендердің әлеу­мет­­тік-эко­но­микалық жағ­дайын жақ­­сар­­ту­ға арналған қара­жат. Был­­тыр рес­публикалық бюд­жет тал­­қы­ланғанда ауылдық елді ме­к­ен­дер­ді таза ауыз сумен жабдық­тау­ға қосымша 3 млрд 930 млн тең­ге қа­рал­ды. Бұл биыл 19 ау­қым­ды жо­баны толық аяқтауға мүмкіндік береді. Шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындармен кездескенде көтерілген мәселенің бірі – осы таза ауыз сумен жабдықтау. Олардың жобалық-сметалық құжаттары жасалғанымен, мәселе әлі толық шешілген жоқ. Енді келесі республикалық бюджетті қарағанда, нақ осы мәселені толық шешу үшін қаражат бөлінуі керек қой деп ойлаймын. – Заң жобасын талқылау кезінде сіз оны әзірлеушілер тара­пына біршама сын айтты­ңыз. Соны газет оқырман­дарына да білдіре кетсеңіз. – Сын түзелмей, мін түзел­мейді емес пе? Бізде болжамдау мен жоспарлау мәселесі әлі де төмен деңгейде. Осыдан біраз бұ­рын Парламентте осы заң жо­басы қаралған кезде депу­тат­­тар тарапынан бюджет кіріс­теріне байланысты біршама сұрақ туын­даған. Сондай-ақ, бір­шама ұсыныс та жасалған еді. Өкі­нішке қарай, Қаржы және Ұлт­тық эко­номика ми­нист­р­ліктері олар­дың көбін қабыл­дамады. Енді 3 айдан кейін салықтық түсімдер 566 млрд теңгеге ұлғаяды деп заң жобасына енгізіп отырмыз. Бұл бір жағынан жақсы, екінші жағынан мұқият есептеу, болжамды дұрыс жасау болмағанының белгісі. Тағы бір айта кететін жайт, Ұлттық экономика министрлігі заңда жаңа төрт зерттеу жүр­гізу үшін 1 млрд 370 млн теңге қарастырып отыр. Бұл – қара­жатты мемлекеттік тапсырыс арқылы басқа ұйымдар, заңды тұлғалар, яғни делдалдар алады деген сөз. Меніңше, осындай зерттеулерді Үкімет өз күшімен-ақ жүр­гізуіне болады. Елбасы өзінің Жол­дауында талап еткендей, бюд­жеттік қаражаттың тиімділі­гін түбе­гейлі арттыру үшін, соны­мен бір­ге, тиімсіз бағдарлама­лар қара­­жат­тарын қайта бөлуге бай­ланысты, яғни мемлекеттік бағ­дарламаларды тиімді іске асыру бойынша зерт­теуге 392 млн теңге бөлінген екен. Осындай зерт­теулерді Үкі­мет қосымша қара­жат бөлмей-ақ Пар­ламентпен бірі­гіп жүзеге асыруына болады ғой деп ойлаймын. Сонда мемлекет қаржысы тиімсіз жұм­салудан сақталып қалар еді. Ал үнем­делген қаражатты басқа жұмыс­тарға бағыттауға болады. Сондай-ақ, бизнес шығыс­тарын азайту жөніндегі заңнама­ны зерттеуге 168 млн теңге бөлін­ген. Мұны «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы мен Үкі­мет, Парламент бірлесе отырып, өздері жасауына толық мүмкіншілігі бар. Тағы бір ұсынысым, макроэко­номи­калық тұрақтылықты жүзеге асы­руға бөлінген қаражаттың тиім­ді жұмсалуын, ашықтығын, қай­­та­ры­луын қамтамасыз ету үшін Үкі­мет құрамында парла­менттік сая­си партиялар фрак­ция­ларының өкіл­д­ері, сонымен қатар, сарап­шы­лар, тиіс­ті өкілетті органдар өкіл­де­рі қат­ы­сатын комиссия құру­ды ұсы­­на­мын. Осы комиссия жұ­мы­сын Үкі­мет өзі реттеп оты­руы ке­­рек. Бө­лін­ген бюджет қара­жат­тары тиім­ді жұм­салып, елдің игі­лі­­гі­­не жа­ра­тылса, нұр үстіне нұр болар еді. Әңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»