Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-әрекет жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген, үздік тәжірибелер мен ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, Кеңес ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыру жөніндегі Әрекеттер жоспарын, сонымен қатар, ынтымақтастықтың елдік бағдарламасын іске асыру мәселелерін қарастырды.
* * *
Осы күні Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес қатысушылары Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша, соның ішінде жергілікті қамту әлеуетін арттыру, шет елден жұмыс күшін тарту рәсімдерін жетілдіру, сонымен қатар, құрылыс және жобалау салаларында лицензиялау жөніндегі ұсыныстарды талқылады.