24 Ақпан, 2017

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің батыс аймақтарының кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, аздап қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түсуі ықтимал. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аздап боран соғып, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.