28 Ақпан, 2017

Бұл – сыртқы саясатымызға берілген лайықты баға

399 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Икрам АДЫРБЕКОВПЕН әңгіме – Икрам Адырбекұлы, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастағанына екі айға жуық­тады. Таңдау неліктен біздің елімізге түсті? – Тарихи таңдау жайдан-жай жасалмайды. Бұл – қауіпсіздік қағидаттарын бейбітшіліктің басты тірегі етіп алған біздің мемлекеттің сындарлы сыртқы саясатына берілген лайықты баға. Бұл – әлемдік деңгейдегі сая­си қайраткер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қоғамдастық алдындағы жоғары саяси беделінің көрсеткіші. – Кейде БҰҰ-ның өткі­з­е­тін операцияларын да естіп қаламыз... – Қазіргі кезде БҰҰ бейбіт­шілікті сақтау бойынша 16 операция жүргізіп жатыр, Ұйым 1948 жылдан бері осындай 69 операция өткізген болатын. Кеңес жұмысының едәуір бөлігі Африкадағы шиеленістер мен Таяу Шығыс­тағы ахуалға, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, терроризмге қарсы күрес, бітімгерлік, құқық үстемдігіне қатысты мәселелерге арналған. Қарап отырсақ, Тәуел­сіз­дігі­міз­дің ширек ғасы­рында Қазақ­станның сырт­қы саясатының негізгі ба­сым­дықтары, қауіп­­сіз­дік пен тұрақ­тылық сала­ларын­­дағы бастамалары, бе­дел­ді халықаралық ұйым­да­рға төр­ағалық ету мен қаты­су ар­қылы жүргізіп келе жат­қан іс-шаралары БҰҰ мен Қауіп­сіздік Кеңесінің негізгі мақ­саттарына сай келетінін аң­ғару қиын емес. Еліміздің сырт­­қы саясаттағы сындарлы қадам­дары, әлемдік деңгейдегі әлеу­мет­тік мәселелерді шешу жо­лын­дағы белсенді іс-қимылы көп­ке аян. Соғыс ошақтарын бей­біт мекендерге айналдыруда Қазақ­станның қолтаңбасы өткен ғасырда өз биігінде көрінсе, жаңа мыңжылдықтың алғашқы онжылдығында ол өрісін одан әрі кеңейтіп, өнегесін таныта түсті. Шын мәнінде, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақ­ты емес мүшелікке сайлануына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың сараб­дал сая­саты­ның зор ықпа­лы бол­ғанын, оның әлемдік өрке­ниетте көрнекті сая­саткер ретінде жоғары беделге ие екенін айқын көрсетеді. Ядролық қарусыздануды, дін­аралық және ұлтаралық келісімді ішкі және сыртқы саясатының тұғыры еткен, халықаралық бітімгерлік миссияларға сүбелі үлесін қосып келе жатқан еліміз өзінің жан-жақты және мол тәжі­ри­бесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің алдында тұрған халықара­лық қауіпсіздік проблемаларын шешуге жұм­сайды деп күтілу­де. Әлем­дік қоғамдастық тарапы­нан күтіліп отырған бұл өмір­шең міндеттерді Қазақстан өзіне тән ұйымдастырушылық қабілетімен жоғары деңгейде орындап шығатыны сөзсіз. Әсіресе, Қазақстан өңірдегі ахуа­лды ретке келтіру мен тұрақ­­­ты­лықты сақтауға, сон­дай-ақ дүние жүзіндегі көптеген шие­­леніс­терді реттеуге елеулі үлес қос­ты. Мы­салы, еліміз Ауған­стан төңіре­гіндегі мәселе­лерді реттеуге зор септігін тигіз­гені белгілі. Соңғы уақытта өзек­ті болып отырған Сирияға қа­тыс­­ты шиеленісті реттеу бо­йын­­ша келіссөздерді Астана­да өткізу бойынша Ресей мен Түр­кия президенттерінің Елба­сы­мызға ұсыныс жасауы – Қазақ­станның бітімгерлік саясаты­ның пәрменділігін мойындау деп айтсақ, артық болмайды. Халық­аралық қоғамдастық Астанада өткен келіссөздерден үлкен үміт күтеді. Негізінен Қауіпсіздік Кеңе­сіндегі мүшелік кезеңіндегі Қазақ­станның басты жұмысы әлемдегі қауіпсіздікті нығайту, терроризмге қарсы күрес және жалпыға бірдей қарусыздануға бағытталатын болады. Соны­мен қатар, азық-түлік, су-энер­­­ге­ти­калық және ядролық қауіп­­­сіз­діктерге де ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа Қазақ­стан ке­дей­­шілікпен күрес, адам құқық­тарын сақ­тау, ұлт­тар арасында өзара сенім­­ді нығайту мен үнқатысу ор­на­ту мәселелерімен де айналысу­ды көздеуде. Кеңестің тұрақты емес мү­ш­е­лігіне өту тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін маңызды. Себе­бі, еліміз осы өңірдің проблемаларына әлем­дік қоғам­­дастықтың назарын ауда­рып қана қой­май, өңір мүд­делерін белсен­ді қорғап, көп­теген өзекті мәселелерді шешуге күш салмақ. Еліміз сондай-ақ Қауіп­сіздік Кеңесінің құры­лы­мы мен қызметін реформалауды қолдайды. Атап айт­қан­да, бүгінгі заман талаптарына толық сай болу үшін Қазақ­станның ұсыныстары –­ Кеңестің тұрақты мүшелерінің қатарын көбейту, оның жұмыс әдістерін жетілдіру, вето құқы­ғы, Бас Ассамблея мен өз­ара бай­ланысын жетілдіруге ар­нал­ған. Осы ұстанымдардың бар­лы­ғы ескеріледі деген үміттеміз. – Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне арна­ған Саяси үндеуі туралы не айтар едіңіз? – Үндеуде ХХІ ғасырға сай жаһандық және өңірлік қатер­лерді шешудегі ұжымдық жауап­кершілік аясында мем­ле­кет­тер­дің өзара қарым-қаты­нас­­тарының жаңа моделін құру­­дың нақты жоспары құрыл­ған. Және бұл жоспарды орын­дау­дың тетіктері мен кезең­дік кес­тесі жасалған. Осы қадам елі­­міздің халықаралық ұйым­дар­ға жетекшілік еткен мол тә­жі­ри­бесінің негізінде жасалғаны да белгілі. Ал жеті басымдық жаһандық соғыс қаупін болдырмау, Ауғанстандағы бейбіт­ші­лікке қолғабыс жасау, Орта­лық Азияда бейбітшіліктің өңір­лік аймағын қалыптастыру, анти­террорлық операция­лар кезінде жүріс-тұрыс­тың Астана кодексін әзірлеу, Аф­ри­каның тұрақты да­муын қолдау және БҰҰ-ның ор­нықты даму мақсаттарын ілгері­летуге қатысты мәселе­лерге негізделген. Осы мәселелер әлемдік қоғам­­­дастықта талқыланып отыр­­ған превентивті дипломатия және бейбіт әлемді құру та­­қы­рыбына сай келеді әрі ха­лықаралық саясатта кең қолдау тауып отыр. Ал енді ондағы басымдық­тар­ға келсек, бірінші басым­дықтың мақсаты – Корей түбегінде ядро­лық қару проблемасы бойынша көп жақты келіссөздерді жақын арада жаң­ғыртуға және, жалпы ал­ғанда, 2045 жылға, яғни БҰҰ-ның 100 жылдығына дейін Ұйым­ның барлық мүше­лерін әлемді ядролық қару­дан азат етуге бірлесіп қол жет­кізуге ша­қыру. Бұл шақыру аса маңыз­ды және ол барлық тараптар­дан қол­дауға ие болуға лайықты шара. Қазақстан осы бастамасымен әлемдік қоғам­дастықтың назарын өзіне аударып отыр. – Ал екінші және үшінші басымдықтардың мақсаты қан­дай? – Екінші басымдықта Қазақ­стан жаһандық соғыс қаупінің алдын алу мен оны толық жою үшін «Әлем. ХХІ ғасыр» мани­фесінде көрсетілген қару­лы қақ­тығыстарды тоқ­татуға бірлескен іс-қимыл меха­­низмдерін қолдану ар­қы­лы жетуді көздеп отыр. Еліміз дүние жүзінің түкпір-түкпірінде, атап айтқанда, Таяу Шығыс, Корей түбегі, ТМД, Аф­рика мен Азия құрлық­тарында орын алып жатқан шиеленістерді бейбіт шешуге өз тәжірибесімен ықпал ету­ге ниетті. Осыған нақты мысал ­– Ресей мен Түркия пре­зи­денттерінің Сириядағы әс­ке­ри іс-қимылдар бойынша келіс­сөздерді Астанада өткізуге ұсы­ныс жасауы Қазақстанның бітім­герлік саласындағы және халықаралық серіктес ретіндегі беделін мойындаудың көрінісі. Бұл – біздің мемлекетіміз үшін үлкен саяси жетістік. Және де Женевада өтетін келіссөздерге маңызды дайындық, сондай-ақ еліміздің Қауіпсіздік Кеңе­сін­дегі қызметінің нақты үлесі болмақ. Үшінші басымдықты белгі­­­леу­де Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне Орта­лық Азия­дан сайланған алғашқы мемле­кет ретінде өңірдегі мәселелерді реттеу қажеттігі ескерілген. Мұнда басты назарда терроризм, Ауғанстандағы ахуал, өңір­лік экстремизм, есірт­кі тасы­малы, заңсыз миграция сияқ­ты өзекті тақырыптар қа­рас­­ты­рылған. Сонымен бірге, транс­шекаралық өзендер проб­лемасын, шекаралардағы аумақ­тық дау-дамайларды шешуге, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бірыңғай энергетика жүйелерін келісу мен дамытуға жәрдем көрсетуге ден қойылады. Орталық Азиядағы өңір­лік ынтымақтастық та басты мақ­­­сат­тың бірі болмақ. Себебі, өңір­дегі сая­си және эконо­мика­лық үдеріс­тер ынтымақ­тас­тық­­тың көп­теген аспекті­лерін қамту қажет­тілігін көрсетіп отыр. Халықаралық терроризм мен экстремизм – бүгінгі әлем­нің өзекті проблемалары­ның бірі. Сондықтан, Қазақстан­ның Қауіп­­сіздік Кеңесіндегі қыз­метіндегі төртінші басым­дық осы аса қауіпті құбылыстар­мен күреске арналады. Бұл бағыт­та да еліміз көптеген баста­ма­лардың авторы ретінде өз жерінде және басқа да алаң­дарда халықаралық іс-шара­­лар­ға белсенді атсалысып жүр­­­гені белгілі. Осы мәселеде дінара­лық және кон­фес­сия­ара­лық үнқатысуды ілгері­летудегі өз тәжірибесіне сүйене отырып, еліміз саяси және діни көшбасшыларды экстремизм мен радикализм проблемаларын шешуде күш-жігер біріктіруге тарту жұмысымен айналысатын болады. Діни қақтығыстар, діндегі теріс ағымдар, діни ки­кіл­жіңдер жарияланбаған соғыс­тың жаршысына айналды. Жиһадшыл жандардың діни сауатсыздығын теріс пиғылда пайдаланып, оны өз мақсаттары жолында қолжаулық етіп отырған ұйымдарға қарсы күрес барлық деңгейде ымырасыз жүргізілуі керек. Бұл мәселеде Қазақстанның көзқарасы айқын және салмақты. Елбасымыз БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының 70-сессиясын­да БҰҰ аясында терроризмге қарсы жаһандық коали­ция құру туралы бастама көтер­ген болатын. Аталмыш баста­маға негіз салу үшін БҰҰ және Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне халықаралық терроризмге қарсы операцияларды жүргізудің Астана Кодексін әзірлеу ұсынылмақшы. Ал жаһандық тұрақтылық пен қауіп­сіздікке қол жеткізу үшін Африка құрлығында бейбітшілік пен орнықты дамуды қамта­ма­сыз ету қажет екені түсінікті. Сондықтан, бесінші басымдыққа Қазақ­стан Африка одағындағы бақылау­шы және Қауіпсіздік Кеңесінде Сома­ли/Эритрея жөніндегі ко­ми­теттің төрағасы ретінде Аф­ри­кадағы бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді орнату мәселелерін таңдады. Алтыншы басымдық ұзақ мерзімді тұрақтылық пен орнық­ты әлемге қол жеткізуге арналады. Бұл мұраттарға жету үшін соғыстар мен қақтығыс­тардың алдын алу, адам құқық­тарын қорғау, орнықты даму мақсат­тарын жүзеге асыру, климаттың өзгеруімен күресу сияқты шараларды бірлесіп қабылдау қажет­тігіне көңіл бөлінеді. Биыл өтетін ЭКСПО-2017 көр­ме­сін жасыл энергияны дамыту арқылы климаттың өзге­руі­­нің зардаптарын азайту Қазақ­стан­ның осы бағытта қабылдап отырған превентивті шараларына жатқызуға әбден болады. Бұларға қосымша, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне сәйкес, Қазақстан БҰҰ аясында ұйым­ның Экономикалық және әлеу­меттік кеңесін Жаһан­дық даму кеңесіне ауыстырып, оған жаһандық экономикалық реттеуші функциясын беру, дүние­жүзілік дағ­дарысқа қарсы жоспар әзірлеу, Астана­да жасыл технологиялар мен инвес­тициялық жобалар орталығын құру, «Жаңа болашақ» тұжы­рым­­дамасын әзірлеу бастамаларын ұсынып отыр. Жетінші басымдық БҰҰ-ның әлемдік ұйым ретінде рөлі мен орнын жаңғыртуға және күшейтуге бағытталған. Бұл Еуропа, Азия, Америка мен Аф­­ри­ка құрлықтарындағы ұжым­­­дық қауіпсіздік жөніндегі өңір­лік ұйымдардың өзара ынты­мақ­тастығын кеңейту мен БҰҰ-ның қызметін ХХІ ғасырдың талаптарына сай ұйымдастыру мәселелерін қамтиды. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»