2011 жылғы 9 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 514 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы
№ 514 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
64-тармақта:
бірінші бөлікте:
«болуы тиіс», «дайындалуы» және «біріктірілуі тиіс» деген сөздер «болады», «дайындалады» және «біріктіріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«этилденген бензиндерді айдау үшін жинақ резервуарымен, қалған жағдайларда» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші бөлікте: «жүйелі түрде» деген сөздер алынып тасталсын;
«тексеруі тиіс» деген сөздер «тексереді» деген сөзбен ауыстырылсын;
81-тармақтың бірінші бөлігінде:
«этилденген,», «тиіс» деген сөздер алынып тасталсын;
«орналасуы» деген сөз «орналасады» деген сөзбен ауыстырылсын;
84-тармақ алынып тасталсын;
12 және 13-тараулар алынып тасталсын;
«Қолданысқа енгізілу мерзімдері мен талаптары» деген 14-тарау мынадай мазмұндағы 221-1-тармақпен толықтырылсын:
«221-1. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.