02 Наурыз, 2017

Көктем мезгілінде жүк көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2017 жылғы 1 наурыз бен 1 мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына біліктік жүктемелері бойынша уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Енгізілетін уақытша шектеулер кезеңінде автокөлік құралдарының дара, қосарланған және үштік біліктеріне түсетін жүктемелері «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен анықталған мәндерінен аспауы тиіс. Уақытша шектеулер IV жол-климаттық аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) – осы жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) - осы жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында әрекет етеді. Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды. Бұл ретте, бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері сақтау міндетті болып есептеледі. Сондай-ақ, климаттық аймағына байланысты 2017 жылғы 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін ауа температурасының 25оС-ден жоғары болуы кезінде дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін қосымша хабарлаймыз.