02 Наурыз, 2017

Мемлекеттік сатып алулар жүйесі жетілдіріледі

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­стан халқы­на арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын өңір хал­қы­на насихаттау мақ­сатында Қаржы ми­нистрі Бақыт Сұлтанов Жамбыл облысында бо­лып, «Нұр Отан» пар­тия­сы облыстық фи­лиалында өткен жиынға қатысты. Өз сөзінде маңызды құ­жат­­­та айтылған бес басым­дыққа жеке-жеке тоқталған министр әрбір басымдықтың жүктеген өзгеше міндеті мен мақсатын да атап өтті. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жол­дауын­да республиканың жаһан­дық бәсекеге қабілеттілігін қам­та­ма­сыз ететін еліміз­дің Үшін­ші жаңғыртылуын жүр­гізу міндетін қойды. Жаңа жаһандық құбылыста еліміздің бәсекеге қабілет­тілігі – бұл жаһандық про­цеске жаңа индустриялар құру­ды белсенді енгізу. Жаңа индус­трияларды дамытумен қатар, экономиканың дәстүр­лі салаларының белсенді жаң­ғыруын енгізу қажеттігі де ма­ңызды, – деді Бақыт Тұрлыханұлы. Сондай-ақ, министр өз сөзінде кәсіпкерлік баста­ма­шы­лық пен халықтың іскерлік қабілетін қолдай отырып, экономикадағы мем­лекеттің рөлін қысқарту қажеттігіне ерекше назар аударды. Б.Сұл­тановтың айтуынша, қауіпсіздікті қам­тамасыз ету үшін 2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен тер­роризмге қарсы әре­кет жөнін­дегі мемлекеттік бағ­дарлама және кибер­қыл­мыспен күрес үшін «Қазақ­стан киберқалқаны» жүйесі қабылданатын болады. Сы­байлас жемқорлықпен күрес мәселесінде оның себеп­тері мен алғышарттары анық­та­лып, оларды жою бағы­тын­­дағы жұмыстың күшей­т­іле­тінін айтқан министр атал­ған мақсат үшін орталық­тан­дырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру көзделгенін де атап өтті. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы