02 Наурыз, 2017

Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік артып келеді

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2016 жылы айына 100 мың теңгеден көп табыс өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 33 мыңға ұлғайды. Алайда, шағын және орта бизнес табысының көбеюіне елдің экономикалық өсімінің бәсеңдеуі кедергісін келтіруде, деп жазады finprom.kz сараптама қызметі.

Қазақстанда экономиканың әлсірегеніне қарамастан, кәсіпкерлік белсенділік артып, бизнеспен айналысу өз тиімділігін дәлелдеуде. 2016 жылы жемісті еңбек етуші өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтар саны 33 мыңға көбейіп, 2015 жылғымен салыстырғанда 2 пайызға ұлғайды.

Жыл қорытындысы бойынша, қазіргі таңда мұндай кәсіпкерлер саны 1,8 млн-ды құрайды.

2016 жылы қазақстандықтар кәсіпкерлікке белсенді түрде ауыса бастады. Бір жыл ішінде жемісті еңбек етіп жатқан жеке кәсіпкерлер саны 75 мыңға ұлғайып, өткен жылғыдан 6 пайыз көбейіп, 1,3 млн-ға жетті.

Сонымен қатар, өздерінің кәсіптері арқылы табыс тауып, оған қоса өзге азаматтарды жұмыспен қамтушы кәсіпкерлер саны да өсті. Статистикаға сүйенсек, олардың саны өткен жылғыдан 16 пайыз көбейіп, 123,4 мыңға жетті.

Бұдан бөлек, халық ішінде жеке аула шаруашылығымен айналысатындар саны азайып келеді. Оған себеп, біріншіден, жаппай кәсіпкерлікке бет бұру болса, екінші жағынан елдегі бұл саланың тұралай бастауы. Нәтижесінде, бір жыл ішінде мұндай кәсіп иелерінің саны 56 мыңға кеміп, 12 пайыз азайып, 402 мыңды құрады.

Жаппай кәсіпкерлікке бет бұрудың нәтижесінде өткен жыл қорытындысы бойынша, айлық табысы 60 мыңнан аспайтын өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 90 мың адамға азайды. Ал айына 60-100 мың аралығында табыс табатын өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың орташа табысы 91 мыңға жетті. Ал айына 400 мыңнан артық табыс табатын өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 6,5 мыңды құрайды.  

Ұқсас жаңалықтар