02 Наурыз, 2017

Байзақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкірекбаевтың 2017 жылғы 2 наурыздағы №66 Өкімімен Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы 1956 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1979 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Луговой ауданы Луговой жылқы зауытында аға экономист болып бастаған. 1981-1983 жылдары Луговой жылқы зауыты комсомол комитетінің хатшысы, 1983-1987 жылдары Жамбыл облыстық комсомол  комитетінде лекторлық топ меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 1987-1991 жылдары Қазақстан Компартиясының Жамбыл облыстық комитетінде лектор, консультант, 1991-1997 жылдары бизнес құрылымдарында басшы лауазымдарында жұмыс істеді. 1997-2006 жылдары Луговой аудандық экономика басқармасының бастығы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2013-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.