02 Наурыз, 2017

Қызылорда облысының әкімі полиция қызметкерлеріне жаңа көлік табыстады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті полиция қызметінің дайындығын тексеріп, 11 автокөліктің кілтін табыстады. Олар – 2 автобус, 2 «Газель», сондай-ақ «Нива» маркалы 7 автокөлік аудандық ішкі істер бөлімдеріне табысталды. - Соңғы 4 жылда ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 5,7 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінді. Оның ішінде, департаменттің «Жедел басқару орталығы» толық жаңғыртылып, іске қосылды. Көшелер мен тұрғын үй аулалары және адамдар көп шоғырланатын жерлерге бейнебақылау камералары орнатылды. Жол-патрульдік полиция құрылымы арнайы құрылғылармен жабдықталған 130 қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Бүгінгі тапсырғалы отырған жаңа автокөліктер алдағы уақытта полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресті қарқынды жалғастыруға, тұрғындардың тыныш та, уайымсыз өмір сүруіне өз септігін тигізіп, жұмыс сапасын арттыра түседі деген сенімдемін,- деді облыс әкімі. Сондай-ақ аймақ басшысы Қызылорда облысы ІІД қызметкерлерінің жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және кәсіби қызметтік дайындықтарымен танысты. Жалпы алғанда, облыста криминогендік жағдай тұрақты деп бағаланады. Облыста өткен жылы тіркелген қылмыс саны  20 пайызға төмендеген, бұл - еліміз бойынша өте жақсы көрсеткіш. Қылмыстың азаюын барлық бағыт бойынша  байқауға болады. Мәселен, ауыр қылмыс 10 пайыз, ұрлық 12 пайыз, бұзақылық 46 пайыз, алаяқтық 30 пайыз, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 21 пайызға төмендеп отыр.